30 Қаңтар, 2017

Мексика АҚШ тауарларына бойкот жариялады

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мексикалықтар АҚШ тауарын тұтынудан бас тарту туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Хабар24. Ұсыныс әлеуметтік желі арқылы қалың жұртқа бірден тараған. Халықтың мұндай қадамға баруына Ақ үй басшысы Дональд Трамптың Мексикамен араға қорған салу туралы жарлыққа қол қоюы себеп болды. Бастамаға америкалық «Старбакс» компаниясы алаңдап, Мексика нарығында іс жүргізу үшін миллиондаған доллар қаржы жұмсап, 7 мың жаңа жұмыс орнын ашқанын мәлімдеді. Дегенмен әлеуметтік желіде көтерілген бастаманы тұрғындардың бәрі бірдей қолдай қойған жоқ. "Менің ойымша, америкалық өнімдерге бойкот жариялап, бірден бас тарту дұрыс емес. Өйткені олар біздің экономикамызға инвестиция құйып, қаншама азаматымызды жұмыспен қамтып отыр. Ол компанияларды қуатын болсақ, инвестициядан да айырыламыз. Сондықтан бас тартпас бұрын оның бізге қандай әсері барын ойланғанымыз дұрыс", - дейді инвестор Карлос Слим.
Соңғы жаңалықтар

Астықты өңірдің сенімі

Референдум 2024 • Бүгін, 09:50

130 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Аға буынның өнегесі

Референдум 2024 • Бүгін, 09:43

Аға ұрпақ – асыл қазына

Қоғам • Бүгін, 09:40

Ұйымшылдықпен өткен күн

Референдум 2024 • Бүгін, 09:38