30 Қаңтар, 2017

Малайзия жағалауыда Қытай туристері мінген кеме жоғалып кетті

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5656

Малайзия жағалауында 28 турист пен 3 экипаж мүшесі мінген кеме жоғалып кетті, деп жазады BBC.

Менгалум аралына бағыт алған кемемен байланыс Кота-Кинабалу қаласынан шығып кеткеннен кейін қайта орнамай қалған.

Қазіргі таңда кеме маршруты бойынша іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Шараға тәртіп сақшылары мен әскери-теңіз флоты және Малайзияның әуе күштері ат салысып жатыр. Туристер бағыт алған Менгалум аралы жабайы табиғатымен танымал.