30 Қаңтар, 2017

Оңтүстік Қазақстанды теріскеймен жалғайтын теміржол бағдары ашылды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2017  жылдың 1 ақпанынан бастап №075Х Қызылорда – Көкшетау теміржол бағдары Петропавл қаласына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Хабар24. Жолдың ұзақтығы аттанарда бір тәулік және 18 сағатты құраса, кері қарай бір тәулік және 21 сағатты құрайды. Пойыз Шымкент, Тараз, Қарағанды, Астана және Көкшетау қалаларын басып өтеді. Плацкарт вагондағы билет құны бағдардың басынан соңына дейін 7702 теңгені, купе вагонда 12023 теңгені құрайды. Аталмыш бағытқа «Arlan-Trans-Astana» ЖШС қызмет көрсетеді.