Испанияның Mundo Deportivo басылымы «Реал» мен «Барселона» командаларының ішкі біріншіліктің алғашқы айналымдағы ойындарын зерттеп шықты. Бұл туралы eurosport.com хабарлады. Мамандардың пікірі бойынша «Барселона» командасы төрешілердің қателігінен осы маусымда 6 ұпайынан айырылыпты. Ал олардың басты қарсыласы «Реал» керісінше 8 ұпай артық жинаған. Mundo Deportivo «Реал» – «Сельта» матчында шабуылшы Альваро Мората офсайдтан доп соққанын, сондай-ақ команда капитаны Серхио Рамос та «Малагаға» қарсы кездесуде жеңісті голды осындай сәттен салғанын жазған. Бұдан бөлек, аталған басылым «Эспаньол» мен «Депортиво» ұжымдарын да арбитрдің қателігінен ұтқанын жазған. Ал «Барселонаның» ойындарында төрешілер бірақатар қателік жібергенін алға тартты. «Сельтаға» қарсы кездесуде рефери Неймарға қарсы тәртіп бұзылғанына қарамастан пенальти белгілемепті. «Малагамен» өткен ойында Пикенің соққан голын есепке алмаған. Ал «Вильярреалға» қарсы матчта айып алаңында Бруно Сорианоның қолына доп екі рет тисе де, 11 метрлік айып добын белгілемеді. Сондай-ақ, кеше сырт алаңдағы «Бетиспен» өткен матчта Жорди Альбаның соққан голын қақпаға кірмеді деген шешіммен есепке алмаған және дәл сол уақытта Луис Суареске қарсы ойын тәртібі бұзылғанын да назардан тыс қалдырды.
Дегенмен, басылым журналистері «Барселонаның» пайдасына бір матчтағы шешім септігін тигізгенін жазған. «Реал Сосьедадпен» өткен ойында Марк-Андре Тер Штегеннің қақпасына пенальти қойылмаған. Айта кетейік, Испания чемпионатында Мадридтің «Реалы» 19 ойыннан кейін 46 ұпаймен көш бастап келеді, ал 20 матч өткізген «Барселона» 42 ұпаймен 2-орында.
Спорт • 30 Қаңтар, 2017
«Барселона» төрешілер қателігінен бірнеше жеңісінен айырылған
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26