Бүгін азиядағы сауда сессиясында доллардың құны төмендеп кетті, деп жазады investing басылымы.
Оған себеп Дональд Трамптың өткен аптада елдегі көші-қон саясатына енгізген бірқатар жаңалықтары әсер еткен. Атап айтар болсақ, Мексикамен арада қорған салу туралы құжатқа қол қою мен Таяу Шығыстағы елдердің (Ирак, Иран, Ливия, Сомали, Сирия, Судан, Йемен) азаматтарын елге кіргізбеу туралы қаулысы көпшіліктің қарсылығына ұшырады.
Бұндай тыйым Барак Обаманың кезінен бар болғанымен, Трамптың мәлімдемесі бірқатар кәсіпкерлердің, соның ішінде Силикон аңғары өкілдерінің де наразылығына ұшырады.
Айта кетейік, осы сейсенбі күні Австралия, АҚШ, Британия, Жапонияның валюта саясатында маңызды шешімдер қабылданады деп күтілуде. Нақтырақ айтар болсақ, Жапон орталық банкі сейсенбі күні, ал АҚШ Федералды қоры сәрсенбі күні жиын өткізбек.