Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Миклош Иштванды және Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Баранимен кездесті. Басқосуда тараптар екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық мақсатындағы бірлескен жобалардың жүзеге асу барысын талқылады, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Тарихқа көз жүгіртсек, екі ұлтта кең далада тіршілік еткен. Сондықтан болар венгр тілінде түркі сөздері көп кездеседі. Осының өзі біздің халықтардың ежелден тату қарым-қатыныста болғандығын аңғартады. Сондықтан бұдан былай Отүстік Қазақстан облысы мен Венгрия елінің арасында сауда экономикалық, мәдени, гуманитарлық байланыстар нығая түсетініне сенімдімін», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Аграрлық салаға бейім Оңтүстік Қазақстан облысы – венгрлік инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Аймақ басшысы елшілік өкілдеріне осы артықшылықтар туралы жан-жақты баяндап берді. Кездесуде сөз алған Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани екі ел арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салада бірлескен жобалардың жүзеге асып жатқанын жеткізді.
«Бүгінде венгрлер Қазақстанға виза рәсімдемей-ақ келуіне мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік саласын дамытуға, іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға зор мүмкіндік береді»,-деді елші.
Келелі кездесуден кейін екі тараптың қатысуымен Венгрияның Шымкент қаласындағы консулдығының ашылу салтанаты өтті. Жаңадан ашылған өкілдік алдағы уақытта екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, тауар айналымы ұлғайғайып, инвестиция тартуға да септігін тигізбек. Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулы болып «OTAU Group» компаниясының президенті, белгілі меценат Қайрат Молдасейітов тағайындалды.
Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Миклош Иштван мырза Қайрат Молдасейітовке Құрметті консул қызметін атқару патентін салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар екі елдің өкілдері Құрметті консул декларациясына қол қойды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Венгрия Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең белсенді экономикалық әріптесі. Географиялық алшақтығына қарамастан, Қазақстан ТМД елдерінің арасында Ресей мен Украинадан кейін Мажарстан үшін 3-ші сауда серіктесі болып табылады. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша Мажарстаннан Қазақстанға жалпы тікелей инвестициялардың ағымы 85,1 млн. АҚШ долларын құрайды. Ал, Қазақстанның инвестиция көлемі 8,7 млн доллар.

Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды
Теннис • Бүгін, 21:33
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30