30 Қаңтар, 2017

Өскеменде өрт сөндіруші қораз үй аралауда

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
unnamed (1) Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары ерекше рейд ұйымдастырды. Ерекшелігі сол, өрт қауіпсіздігін дұрыс сақтамайтын тұрғындардың үйіне өздерімен бірге жыл иесі - қоразды ертіп барды. Қораз киімін киген өрт сөндіру бөлімінің маманы әріптестерімен бірге үй иесіне өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, нұсқаулықтарды табыс етті. unnamed -Мұндай шараны бекерден бекер қолға алып отырғанымыз жоқ. Өрттің салдарынан өмірімен қош айтысып жатқан тұрғындар аз емес. Иіс газынан уланатын адамдардың саны да көп. 2017 жылдың басынан бері Өскеменде өрт кезінде 3 адам қайтыс болды. Тұрғын үйлерді арнайы аралап, нұсқаулықтарды таратып, түсіндіру жұмыстарын барынша жүргізіп жатқанымызбен өрт қауіпсіздігін сақтамайтын тұрғындар саны азаймай отыр. Мұндай селқостықтың соңы қайғылы жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін, - дейді Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз хатшысы Марина Лискова. Азамат Қасым, «Егемен Қазақстан». Өскемен