30 Қаңтар, 2017

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы тағайындалды

594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың ұжымын оның жаңа басшысы Серік Жәмекұлы Оспановпен таныстырды. С.Ж. Оспанов 1964 жылдың 1 шілдесінде Гурьев қаласында дүниеге келді. 1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдады. Еңбек жолындағы қызметі 1986 жылы «Мангышлакнефть» бірлестігінде басталды. 1992-2004 жылдар аралығында Маңғыстау облысының басшы қызметтерін атқарды. 1996 жылдан бастап 2004 жылға дейін Ақтау қаласының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды. 2004 жылдан бастап 2016 жылға дейін үш шақырылымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған еді. Жаңа басшыны таныстыра отырып, ҚР Омбудсмені елдің Парламенті мен мемлекеттік басқару органдарында жұмыс атқару кезінде алған білімі мен айтарлықтай тәжірибесі оған ұлттық құқық қорғау мекемесіндегі қызметке белсенді кірісуге мүмкіндік беретініне сенімін білдірді. Бұдан бұрын 2002-2016 жылдар аралығында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықты Калюжный Вячеслав Афанасьевич басқарған еді.