30 Қаңтар, 2017

«Теңізшевройлда» 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Теңізшевройл» ЖШС-ның болашақ кеңейту жобасы шеңберінде 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, деп жазады abctv.kz. Бұл туралы бүгін өткен «Теңізшевройл» ЖШС-ны болашақ кеңейту жобасы – Сағалық қысымды басқару жобасының құрылыс компанияларының форумында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады. Іс-шараға орталық және жергілікті атқарушы органдардың, «Теңізшевройл» ЖШС-ның қазақстандық және халықаралық мердігерлік ұйымдарының өкілдері қатысты. Біржан Нұрымбетов өз сөзінде жоғарыда айтылған «Теңізшевройл» ЖШС жобасы мемлекеттегі өте сәтті ұзақмерзімді инвестициялық саясаттың көрінісі болып табылатынын атап өтті. Осы жобада шоғырланатын шетелдік инвестициялар мультипликативтік әсер беріп, бизнестің дамуына, сонымен қатар халықтың әлеуметтік жай-күйін жақсартуға ықпалын тигізеді.
«Бүгінде «Теңізшевройл» ЖШС-ның деректері бойынша Болашақ кеңейту-Сағалық қысымды басқару жобасына 10,5 мың адам жұмысқа орналастырылған, оның ішінде   9,4 мыңы жергілікті қызметкерлер, бұл Қазақстанда жұмыс істейтін жобадағы барлық персоналдың 90 %-ын құрайды. Үкімет Болашақ кеңейту-Сағалық қысымды басқару жобасы шеңберінде Қазақстан бойынша 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтуде, бұл ретте кадрларға деген жергілікті қамтылым шамамен 18 мың адамға жетуі мүмкін. Сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС қазақстандық кадрларды оқыту және дайындау міндеттемесін өз мойнына алып отыр», – деді Біржан Нұрымбетов. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, болашақ кеңейту-Сағалық қысымды басқару жобасына Атырау мен Маңғыстау облыстарынан және жақын орналасқан өңірлерден (Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары) жұмыскерлер тарту жоспарланып отыр.