30 Қаңтар, 2017

Астана мектептеріне «Робототехника» сабағы енгізілді

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елорданың 70 мектебінде «Робототехника» факультатив курстары енгізілді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Білімдік робототехника - жаңа, өзекті педагогикалық технология, ол механика, электроника, автоматика, құрастыру, бағдарламалау және техникалық дизайн салалары бойынша білім береді. Аталған курстардың және «Робототехника» кабинеттерінің мақсаты техникалық құрастыру мен модельдеу дағдыларын үйрену, балалардың логикалық және сыни ойлау қабілетін дамыту, топтасып, жұптасып өзара әрекеттесуге үйрету (ынтымақтастық элементтері). Курстар KoduGameLab және Scratch тегін таратылатын бағдарламалық қамсыздандырудың көмегімен жүргізіледі. Олар кіші және орта жастағы балаларды бағдарламалау дағдыларына үйретуге арналған, бұл робот техникасы курсының қағидаларына қайшы келмейді және келешекте роботтарды сатып алғанда оқыту курсын жеделдетуге мүмкіндік береді.