30 Қаңтар, 2017

Астана әкімдігінің сайтында сауалнамалар жүргізіледі

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елорда әкімдігінің сайтында жаңа функция іске қосылды. Енді қала тұрғындарының сауалнамаға қатысып, түрлі мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіруге мүмкіндіктері бар. Сайт пайдаланушыларының назарына өмірдің түрлі салаларын қамтитын сауалнамалар ұсынылатын болады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Пікір білдіру үшін «Сіздің пікір (сауалнамалар)» қосымшасына, содан кейін «Сауалнаманы бастау» пернесін басу қажет. Сұрақтарға жауап берген соң жеке ақпараты бар торды толтыру қажет болады, онда қатысушы жасын, жынысын, байланыс телефонын және e-mail мекен-жайын көрсетуге тиіс. Сауалнама мына сілтемелер бойынша жүргізіледі: Экология және көгалдандыру мәселелері бойынша ПИК мәселелері бойынша Әлеуметтік сауалнамалардың қорытындысы Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланатын болады.