Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен кездесті. Жүздесу барысында өңірдегі діни ахуал мен татулық пен келісім, рухани-өнегелі тәрбие берудің маңызды мәселелері талқыланды, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар кездесуде облыстағы діни білім берудің жайы қозғалды. Өңір басшысы имамдық корпустың жоғары білікті кадрларын даярлау және өңірдегі теологиялық білім беру жүйесін жетілдіруде медресе-колледждердің маңыздылығына тоқталды.
«Бүгінде облысымызда 800-ге жуық мешіт бар. Оларда қызмет етіп жатқан имамдардың білімі мен біліктілігіне аса мән берген жөн. Имам тек мешіттің ішінде ғана жауапты емес. Ол тұтас бір ұлттың, мәдениеттің, руханияттың алдында жауапты тұлға. Сондықтан ауылды жерлердегі мешіттерді білікті діни қызметкерлермен қамтамасыз ету қажет. Ең бастысы - бұл салаға мейлінше мұқият талдау жүргізіп, аса ұқыптылықпен жұмыс істеген абзал»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.
Қазіргі таңда имамдар даярлау ісімен Шымкент пен Сарыағаштағы медресе-колледждер айналысады. Аталған оқу орындары имамдардың діни танымын арттырып, саяси және моральдық тұрғыдан барынша жетілуіне күш салып келеді. Бұл мақсатқа 2016 жылы облыс бюджеті есебінен қаржы бағытталып, 175 грант бөлінген.
«Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі діни салаға аса қамқорлықпен қолдау білдіріп отыр. Осының арқасында екі медресеміз мемлекеттік лицензияға қол жеткізіп, колледж ретінде тіркелді. Осы және өзге де бағыттағы бірлескен жұмыстарымыз жемісті боларына сенімдімін»,- деді еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы.
Сондай-ақ кездесуде өзге де жат ағымдардың жұмысына талдау жасап, үгіт-насихат шараларының алдын алып, назарда ұстап отыру мәселесі де сөз болды.

Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10