30 Қаңтар, 2017

Қазақстандағы мемлекеттік органдардың рейтингі жарияланды

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекеттік органдардың қызмет сапасы жөніндегі рейтингте орталық атқарушы органдардың арасында Ұлттық банк, Қаржы министрлігі мен Əділет министрлігі алғашқы үш орынды иеленген. Ал, Энергетика министрлігі мен Жоғарғы сот бұл рейтингтің соңғы орындарында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ал, жергілікті атқарушы органдардың рейтингінде Маңғыстау облысы бірінші орын алса, Алматы қаласы соңғы орында тұр. Бұл рейтингті бүгін Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде «Білім» атты ғылыми-зерттеу орталығы өзінің қоғамдық мониторингіне сүйене отырып жария етті. Бір айта кетерлігі, рейтинг 2016 жылдың қорытындысы бойынша əзірленген. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың көбі мемлекеттік органдардағы қағазбастылық пен кезектің көбіне жəне консультацияның жоқтығына шағымданған. рейтинг бир рейтинг