30 Қаңтар, 2017

Универсиада-2017. Қазақстан командалық есепте бесінші орында

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15 Қазақстан құрамасы Универсиада ойындарының бірінші күнінде үш медаль (бір күміс, екі қола) жеңіп, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады. Шаңғы жарысынан қыздар арасында Анна Шевченко 5 шақырым классикалық стильде алғашқы қола медальді жеңіп алды. Бұл жарыста алтын жүлде Лилия Васильеваға бұйырса, күмісті оның отандасы Анна Нечаева еншіледі. Сонымен қатар, фристайл-акробатикадан Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова Қазақстан қоржынына бір күміс пен бір қоланы салды. Ал осы жарыста алтын медаль қытайлық Чжу Иньиньге бұйырды. Жалпы есепте, Ресей 9 медальмен (4 алтын, 4 күміс, 1 қола) көш бастап тұрса, екінші орында Аспанасты елі 3 медальмен (2 алтын, 1 қола) келеді. 3-орында – 1 алтын, 1 қоласы бар Польша құрамасы. Ал 1 алтынымен Италия төртінші орынға орналасты.