30 Қаңтар, 2017

Астанада 17 саябақ пен гүлбақ жобасы әзірленуде

686 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
4c91506e6ff2b4b20e0aa2f9e41a6d1f Астананың қала құрылысы кеңесі саябақтар мен гүлбақтар салу, елорда көшелерін жарықтандыру, көгалдандыру және абаттандыру мәселелерін қарады, деп хабарлады қала әкімдігі. Кеңес мүшелері ірі жасыл алқаптар жасау арқылы экожүйені жақсарту үшін қазіргі көгалдандыру бағдарламасын дамытуды ұсынды. «Креативті жобалар» бағдарламасы аясында елорданың түрлі бөлігінде 17 саябақ пен гүлбақ жасау бойынша жоба белсенді әзірленуде. Олардың үшеуі бойынша жобалау жұмыстары аяқталды. Айта кетейік, Астананың қала құрылысы кеңесі бірыңғай сәулеттік және қала құрылысы саясатын іске асыру, қолға алынған жобалардың сапасын арттыру үшін құрылды. Кеңес құрамына қалалық әкімдіктің өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, МСҚБ басқармасының басшылары, сондай-ақ жетекші сәулетшілер кіреді. a11e3c59159e871def5829369e0b120d 33051f662ebd767e88825795f4408c0a