31 Қаңтар, 2017

Қатар көрмеге қатысады

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қатар мемлекеті ұлттық секциясының комиссары Ахмед Али Әл-Тамимимен кездесті. Басқосу барысында қос тарап Астанада өтетін халықаралық шараға қатысу келісімшартына қол қойды.  Жиында Ахметжан Есімов ұлт­тық компания өкілдері көр­­­меге қатысушыларға па­­ви­л­ьондар тапсыру жұ­мыс­тарын қарқынды жүр­гі­з­іп жат­қандығын атап өтті. Бү­гін­гі таңда халықаралық қа­ты­сушыларға 13 павильон тап­­сырылған. Олардың қа­та­рындағы БАӘ мен Йор­да­­ния сынды мемлекеттер п­а­вильондарының ішкі дизайнын әрлеу жұмыстарына кі­рісіп кетті. Қатар мем­ле­ке­ті­нің Қазақстан Респуб­ли­ка­сын­дағы төтенше және өкілетті ел­шісі әрі көрме комиссары өз павильондарын көріп, ат­қарылған жұмыс сапасы­на ризашылығын білдірді. «Біз соңғы кездері жоғары дең­гей­лі көптеген шараларға қа­тысуға тырысамыз. Тіпті, 2012 жылғы Йосуда өткен ЭКСПО-да қола жүлдегер атан­­дық. Сондықтан, көрме қо­­нақтарын мейлінше таң қал­­дырамыз деген үміттеміз. Қа­тар павильоны үздіктердің қа­тарында болары анық. Ал мемлекетіміздің ұлттық күні өткенде елімізден жоғары лауызымды тұлғалар келетін болады», деді Ахмед Али Әл-Тамими. Айта кету керек, Ми­лан­да ұйымдастырылған ЭКСПО-2016 көрмесінде қа­тар­­лық павильонға 2 миллион­нан астам адам келген. Астана­да­ғы ЭКСПО-2017 көр­­ме­сін­дегі Қатар пави­ль­оны­ның ау­да­ны 457 шаршы метр, ол БАӘ, Франция, Ру­мыния және Сло­вакиямен көр­шілес болады. Дәл осы күні Әзербайжан мен Австрия мемлекеттеріне павильондары тапсырылды. Қазір­гі күні 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым Астана­да­ғы халықаралық ма­ман­дан­дырылған көрмеге қа­ты­са­­тындығын ресми растады, оның 5-і – араб мемлекеттері. Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»