31 Қаңтар, 2017

Ақтөбе жолдарын жөндеуге 7,8 млрд теңге бөлінді

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биыл Ақтөбедегі облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 7,8 миллиард теңге бөлінді. Жоспар бойынша 298 шақырымдық жолдарға күрделі және орташа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбедегі 5 мың шақырым тасжолдың 75 пайызы жүруге жарамсыз. Әсіресе, облыс орталығы мен аудандар арасындағы байланыс нашар. Тіпті, Шалқар ауданына мүлде көлік жүрмейді. Бұл ауданның халқы қатынас үшін тек темір жолды пайдаланады. Сондықтан қатынасты қайта жандандыру үшін жыл өткен сайын жол салуға бөлінетін қаржы көлемі өсіп келеді. 2016 жылы 8,9 миллиард теңге бөлініп, 74 жоба іске асырылды. «Биыл облыстық, аудандық жолдарды жөндеуге 7,8 миллиард теңге бөлінді. Барлығы 298 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарда бар. Мәселен, «Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск (Ресей) бағытындағы жолдың 15 шақырымына күрделі, 30 шақырымға жуығына орташа жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар, Оңтүстік айналма жол құрылысы басталады. Жоба құны 4 миллиард теңгеден асты», - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев.