31 Қаңтар, 2017

Универсиада-2017. Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11 Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Универсиадада өзінің екінші медалін жеңіп алды. Жерлесіміз бес шақырым қашықтықтыққа жарыстан қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл жарыста алтын медальді ресейлік Анна Нечаевская алса, күміс оның отандасы Лилия Васильеваға бұйырды. Айта кетейік, кеше Анна Шевченко 5 шақырым қашықтықта қола медаль алған болатын. Бұл қашықтыққа жүгіруден Лилия Васильева алтынды, ал Анна Нечаевская күміс медальді жеңіп алды.