Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты. Аймақ басшысы нан өнімдерін шығаратын және мұздатылған жартылай фабрикаттар өндіретін «Фирма «BestService LTD» ЖШС-не барды. Жобаның жалпы құны – 409 млн. теңге.
Цех жұмысын өткен жылдың қараша айында бастады. Өндіріс орнының қуаттылығы – тәулігіне 0,5 тонна мұздатылған жартылай фабрикаттар мен 1,5 тонна нан өнімдері. Кәсіпорында 66 адам еңбек етеді.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қызылорда облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Сейілхан Тойбазаровтың айтуынша, орталықта рұқсат беру құжаттарын алу, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және банк қызметі, бағдарламалық және презентациялық материалдар дайындау бойынша қызмет түрлері ұсынылады. Облыс әкімі аймақтың тұрақты тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етудегі шағын және орта бизнестің маңыздылығын атап өтті және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне сәттілік тіледі.
Экономика • 31 Қаңтар, 2017
Қызылорда облысының әкімі жаңа кәсіпкерлік нысандарды аралады
Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты
Спорт • Бүгін, 01:41
Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады
Жеңіл атлетика • Бүгін, 00:55
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды
Спорт • Бүгін, 00:25
Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 00:13
Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды
Спорт • Кеше
Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Есірткі • Кеше
Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?
Экономика • Кеше
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Кеше