31 Қаңтар, 2017

«Астанадан» тағы бір легионер кетуі мүмкін

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19 Pressball.by мәліметі бойынша Беларусьтің «Шахтер» командасы «Астананың» қорғаушысы Игорь Шитовке қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы sports.kz хабарлады. Қазір белорус ойыншысы елордалық ұжыммен бірген БАӘ-де оқу-жаттығу жиынында дайындық өткізіп жүр. Қазақстандық клубпен арадағы келісімшарты 2018 жылдың жазына дейін жарамды. «Шахтер» клубына жарты жылға жалға берілуі мүмкін. Айта кетейік, Игорь Шитов «Астанаға» өткен маусымның басында Ресейдің «Мордовия» клубынан ауысып келген.