31 Қаңтар, 2017

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі шұғыл жиын өткізеді

587 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі шұғыл жиын өткізеді. Басқосуға бірер күн бұрын Иранның орташа қашықтыққа арналған баллистикалық зымыран ұшыруы себеп. Дипломаттар «Иранның бұл әрекеті бүкіл Таяу Шығысқа қауіп төндіру» деп дабыл қаққан Израиль Премьер-министрінің сұрауы бойынша жиылмақ. Бұған дейін америкалық басылымдар барлау қызметіне сілтеме жасап, жексенбіде Иранның баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлаған еді. Ол шамамен мың шақырым қашықтыққа ұшқан. Қауіпсіздік кеңесінің тұжырымдамасы бойынша Иранның мұндай сынақтарды жүргізуіне тыйым салынған. Осыған байланысты Израиль премьері Беньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Иранға жаңа санкциялар салу жайын талқылауды жоспарлаған. "Осы жексенбіде Иран тағы да баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл - Қауіпсіздік кеңесінің тұжырымдамасын мойындамай оны өрескел бұзу. Осыған байланысты АҚШ президентімен кездесіп, Иранға бағытталған санкцияларды күшейту жайын талқыламақпын. Баллистикалық сынақ Израиль мен АҚШ үшін емес, Таяу Шығыстағы талай елге қауіп төндіреді. Иранның бұл әрекеті жауапсыз қалмауы тиіс", - Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.