2011 жылғы 11 ақпан Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспеде:
«9-1-бабына» деген сөздер «9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
1-тармақтағы «және жұмыс кестелері» деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтағы «(бұдан әрі – қорытынды)» деген сөздерден кейін «не қорытынды беруден бас тарту туралы дәлелді жауап» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.»;
25-тармақтың бірінші бөлігіндегі «шағымның тіркелгені, оған жауап алатын мерзімі мен орны туралы белгісі бар оның көшірмесі» деген сөздер «тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.