06 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №26

368 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
2011 жылғы 21 қаңтар  Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықты­рулар енгізілсін: 1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдар­ла­масын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында: «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде: сегізінші жол мынадай редакцияда жазылсын: «Республикалық бюджетте «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға: 2010 - 15,4 млрд. теңге; 2011 - 63,1 млрд. теңге; 2012 - 70,3 млрд. теңге; 2013 - 70,3 млрд. теңге көзделген.»; «Кіріспе» деген 2-бөлімде: жетінші бөлік мынадай редакцияда жазыл­сын: «Кредиторы мемлекеттік даму институттары болып табылатын кредиттер, сондай-ақ қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге беретін және Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің бюджеттік бағдарламалары шеңбе­рін­де берілетін кредиттер субсидиялауға жат­пайды.»; «Міндеттері» деген 4.3-бөлімде: «Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауық­тыру» деген кіші бөлімде: «Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттарында»: үшінші бөлік «тобы» деген сөзден кейін «немесе Мемлекеттік комиссия» деген сөздермен толықтырылсын; төртінші бөлік «тобының» деген сөзден кейін «және/немесе Мемлекеттік комиссияның» деген сөздермен толықтырылсын; «Екінші бағытты іске асыру тетігінде»: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Жұмыс тобы Бағдарламаға әлеуетті қаты­сушылардың материалдарын қарастырады және қарастыру қорытындысы бойынша борышкердің Бағдарламаға қатысуын мақұлдайды немесе қабылдамайды. Егер борышкердің кредит (тер) сомасы 3 млрд. теңгеден асатын болса және оның қызме­тінің өңірлер үшін жүйе құраушы маңызы болса, оның Бағдарламаға қатысуы Жұмыс тобының үсынымы бойынша Мемлекеттік комиссиясының қарауына жіберілуі мүмкін.»; 10-тармақ «тобы» деген сөзден кейін «немесе Мемлекеттік комиссия» деген сөздермен толық­тырылсын; 11 және 12-тармақтар «тобы» деген сөзден кейін «немесе Мемлекеттік комиссия» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықты­рылсын: «13. Мемлекеттік комиссия борышкердің Сау­ықтыру бағдарламасына қатысуын тиісті хаттамамен: 1) салықты және бюджетке басқа да міндет­ті төлемдерді төлеудің мерзімін ұзарту ұсынылған (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа); 2) Жоспар шеңберінде басқа да шаралар ұсынылған жағдайда мақұлдайды.»; «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлім мынадай мазмүндағы бөлікпен толық­тырылсын: «2011 – 2014 жылдары міндеттерді шешу төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік сектор­ды сауықтыру, кісіпкерлердің валюталық тәуе­келдерін төмендету, кәсіпкерлік секторды нығайту.» «Қажетті ресурстар және оларды қаржы­ландыру көздері» деген 6-бөлімдегі бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2010 жылы Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджетте 15 421,2 млн. теңге, оның ішінде Бағдарлама шеңберінде қаржы аген­тінің қызметтеріне ақы төлеуге 366 млн. теңге көзделеді. 2011 жылы Бағдарламаны іске асыру үш­ін республикалық бюджетте 63,1 млрд. теңге, оның ішінде Бағдарлама шеңберінде қаржы агентінің қызметтеріне ақы төлеуге 732 млн. теңге көзделеді. 2012 және 2013 жылдары Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджетте 70 332 млн. теңге көзделген.* Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделетін қаражат шеңберінде жүзеге асырылады. * Ескертпе: республикалық бюджеттен берілетін қаражатты бағыттар бойынша үйлестіру жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.»; 2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдар­ламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысында; «Бизнестің жол картасы 2020» бағдар­ла­ма­сы­ның «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъек­тілерінің екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде: 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Егер борышкер кредит (тер) інің сомасы 3 млрд. теңгеден асатын болса, оның Бағ­дар­ламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуын Жұмыс тобы немесе Мемлекеттік комиссия қарайды. Мөлшері 3 млрд. теңгеден асатын кредиттер: 1) өңірде халықтың жұмыспен қамтылуын қолдауда және өсіруде; 2) жергілікті бюджеттің кіріс базасын қалыптастыруда; 3) өңір экономикасын әртараптандыруды қамтамасыз етуде; 4) шығарылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспортқа бағдарлануын немесе импорт алмастыруын қамтамасыз етуді дамытуда өңір үшін жүйе құраушы маңызы бар кәсіпорынды сауықтыру қажеттілігі туралы өңір әкімдігінің оң қорытындысының негізінде Жұмыс тобының және/немесе Мемлекеттік комиссияның қарауына шыға­рылады.»; 48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «48. Жұмыс тобы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының материалдарын қарайды жә­не қарау қорытындылары бойынша борышк­ер­дің Бағдарламаға қатысуын мақұлдайды немесе қабылдамайды. Егер борышкер кредит (тер) інің сомасы 3 млрд. теңгеден асатын болса және оның қыз­метінің өңір үшін жүйе құраушы маңызы болса, оның Бағдарламаға қатысуы Жұмыс тобының ұсынысы бойынша Мемлекеттік комиссиясының қарауына шығарылуы мүмкін.»; 50, 51, 52, 54, 55 жэне 63-тармақтар «тобы» және «тобының» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе Мемлекеттік комиссия» және «немесе Мемлекеттік комиссияның» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.