06 Сәуір, 2011

«Менің әлеміме» саяхат

733 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Кеңістікті интернет арқылы игеру қандай ғажап десеңізші. Мені іздесеңіз – «өз әлемімнен» та­басыз. Интернеттегі менің «өз әлемім» қы­зықты, су жаңа, көңіл көтеретін жа­ңалықтарға, түрлі-түсті суреттерге, видеожазбаларға толы. Жұмы­сыма келген бетте шұғыл шаруаларымды тезірек бітіріп, өз әлеміме тездетіп кіруге асы­ғам. Онда мені қандай қызық­тар күтіп тұрғанын елестетіп көр­се­ңіз ғой. Оның ішінде қандайы жоқ дейсіз? Не іздесеңіз бәрі та­бы­лады. Тек іздей білу керек. Интер­нет өмірімізге енген тұстан бастап мен бұл пәлекеттің тілін меңгеріп алғаным сонша, керек нәрсемді кө­зім­ді жұмып оты­рып тауып алам. Табылған соң, оның проблемасы ше­шілді дей бе­рі­ңіз, жата-жастана көрмесем де, тұқшиып отырып, компью­тер­дің экранына үңілем ғой. Кей кездерде кино да көргім келеді. Со­сын еш қымсынбастан кино да кө­ре берем, қызметтестер ком­пью­терім­нің жанына жақындап, бір­деңе сұрай бастаса, киноны «қа­йы­рып» қоя салу онша қиын емес. Оның үстіне зымырап бара жатқан уақыт мен кино көрмесем де аялдайтын түрі жоқ сияқты. Заманның да, қоғамның да ты­ныштығы мен сияқты жайбасар, жалқау, қағазбен жұмыс істегенді дәре­же көріп, оның ауырлығына анда-санда шағынып қойып, іс жүзін­де «өз әлемінде» өмір сүре­тін­дерге өте ыңғайлы болып тұр. Мен жұ­мыс істейтін мекемеде бас­шыларды қоспа­ған­да тағы да жиырма шақты қыз-жігіт бар. Біз бір-бірімізді ұнат­паймыз. «Не үшін?» дегенді ойлап бас қаты­рып, оларға жуысуға, әңгі­месін тың­дап, ой бөлісуге ешқашан ын­тыққан емеспін. Олар да маған жуы­майды. Жалпы, біздің мекемеде бір-бірімен «до-ос» болып жүр­ген адам көрмейсіз. Бір-екі құр­бы қол­тықтасып алса, ол ән­шейін көз алдау екеніне күмәніңіз болмасын. Өйткені, олар былай шыға бере-ақ бір-бірінің сыбаға­сын береді. Талай рет куә болғам. Сосын ешкімге сенбеймін. Әсі­ре­се біздің мекемедегілерге. Бір түсінбейтінім – олар өз­ара қырғи-қабақ болғанымен, ай­қай­­ласып, бет жыртысып, тіпті кетісердей сөз ай­тып та жатпайды. Кімнің-кім­ді жақ­тыр­майтыны да түсі­нік­­сіз. Бір қара­ғанда, жұмыста неше түр­лі «корпоративкалар» ұйым­­дас­ты­рылып, би биленіп, ән ай­ты­лып, оған қоса талай әде­мі тілектер өз иелерін тауып жа­тады. Жиналып түстік ішетін де кездеріміз аз емес. Бірақ, бір-бірімізді ұнатпаймыз. Бұл сезім ішкі түйсік арқылы әрқайсысымызға беріледі. Кей­біреуіміздің оқуды бітіргенімізге оншақты жыл енді бол­ға­нымен, үн­сіздік қуатындағы мол тыл­сым ай­қын әсер етіп, бір-бірі­міз­ге жуы­май­тынымыз таң қалар­лық, әрине. Десе де мен осы үн­сіз­дік­тен қорқам. Осы үнсіздіктің құ­шағындағы адам бол­мы­сының әл­сіз­дігінен тайсалам. Әл­сіз адам неше түрлі сұмдыққа барады емес пе... Әйтсе де, әлгінде айт­қан­дай, үнсіз­дік­ті бұзған әлі ешкім жоқ. Оның себебі – интернетте ме деймін. Өйт­кені, бә­рі­міз осы компьютерге шұқ­шиып отырамыз. Сырт­тан қа­ра­ған адам жұмыс істеп, басы қатып отыр деп ойлайды. Олай емес. Әркім «өз әлемінде» отырады. Одан жа­лық­паймыз да. Жұмыстағы бір-бірімен жуыспайтын адамдардың интернетте досы көп. Мәселен, менің де өз ба­сыма жететін достарым ин­тер­неттің ішіне кіріп кеткен... Кейбіреулерімен бір мектепте оқысам, кейбірі университеттегі жолдастар, бі­реу­лерін тіпті танымаймын! Әй­теуір «достық ниет» жіберген соң қабыл алмауға дәтім бармай, дос боламын. «Өз әлемім­нің» тағы бір жақсылығы – бұл достармен емін-еркін сөйле­су­ге, шер тар­қатуға мүмкіндіктің мол­дығы. «М.агент» арқылы алыстағы дос­тар­дың бәрін жаныңа көшіріп алуға болады. Бірге шәй ішіп отыр­ғандай әңгімені жібереміз сосын. Бәрін айта бер. Бәрін жаза бер. «М.агентте» са­ған ешкімнің шектеу қоюға қақысы жоқ. Біреулерді шегіне жеткізе жамандап, әлемдегі ең тамаша адам өзің боп отыратын кездерді айт­сайшы! Сосын агенттің тағы бір нашар жері бар – ешкімнің өзі де, өмірі де саған құпия емес! Кім туралы білгің келсе, «оның әлемін» ашып қара. Кейбір мақтаншақтар өз өмір­лерінің әр сәтінен хабар беретін суреттерін, ұнататын қыздарын, жігіттерін, не әйел, бала-шағасына дейін «өз әлеміне» кіргізіп қояды. Істейтін ісін, ойлайтын ойына дейін сонда жазады. Олар түгілі өзім де сондай­мын. Басыма таяқ боп тиетін сөздер­ді ескермей, хат жазғыштай бе­рем. Достарым да құралақан қал­дырмай­ды, әрине. Кейде бұдан да жалығып, марғау ғана жауап хат жа­зып отыра­тын кездер болады, әйтсе де оған бола ешкім менен осы күнге дейін сырт айналған емес. Бұл адамдар менімен қашан­ға дейін дос бо­латынын білмеймін. Бұл адамдардың өмірде бар екеніне кейде күмән­дануды да шы­ғарыппын. Оның ішінде жігіттерге өкпелімін. Басым бос екені «менің әлемімде» бадырайып жазулы тұр емес пе? Неге жақы­нырақ таныс­пас­қа? Кө­рік­сіз де емеспін, білімім де жо­ғары. Ара-тұра интернет арқы­лы та­бысып жатқан­дарды да естіп жатамыз... Интернеттегі ескі дос­тарым да бір қауым ел. Мектепте, университетте дос болған қыз-жігіттердің мұн­да ересек тартқан бейнелерін көремін. Шетінен ақыл­ды, пы­сы­­қай. Әңгімелесуге бе­йім тұрады. «М.агент» арқылы сағаттап сөй­лес­кені­мізбен, өмірде жүзбе-жүз жо­лық­сақ, бәрі басқаша болаты­ны­на иманым кәміл. Өйткені, көрмегелі көп жылдар өт­кен. Бір-бірімізді қан­ша жерден жа­қын тартсақ та, өткел бермес өзеннің бір жаға­лауында олар, екіншісінде мен тұрғандай сезінемін. «Менің әлемім» қызыққа, жаңа­лыққа толы болғанымен, оның бәрі көз алдау, уақыт өлтіру екенін мо­йындайтын да кезім бар. Аты белгілі кісілердің өзі осында сағаттап отыр­ғанда, мен сияқтылар қызықты басқа қайдан тапсын деген ойдың әсерімен отыра береміз де. Әйтпе­се, кейде өзімнің де осы өмірде тірлік кешіп жүргеніме күмәнмен қа­рай­мын. Үй мен жұмыстың ара­сы­на қатынайтын қызыл түсті 22-ші автобус та, ондағы бейтаныс кейіпкерлерім де, жалғыз бөлмелі пә­те­рім мен тар кабинеттің бұры­шын­дағы орным да, анда-санда біраз сіл­кілеп алатын бастығым да вир­туаль­ды әлемнің объектілеріндей. «Өмір осы» деп саусақпен шұқып көр­сетсе де бәрібір сенбейтіндей күй­ге жетіппін. Мұңсыз-қамсыз ба­ла­лықтан тез өтіп, жастықтың ауы­лын­да аз ғана ат аялдатып, осы бір сүлесоқ тірлікке табандап қалған­дай­мын. Мен де, маған қатысты адам, зат атаулы да соншалықты сүле­соқ. Сөйлескенде жай ғана ым­мен түсі­ні­с­у, тапсырма берсе бас шұлғу, қос­тағанымды білдіріп бас изей салу, міне, тірі екенімді осы­дан білемін. Ешкімді сағынбаймын, іздемеймін. Үмі­тім де әлсіз. Алыс­тағы ата-анам мен бауырларыма кеудемде тек аяушы­лық сезімі қа­лып­ты. Сонда мен не үшін өмір сүре­мін деген ой кеудемді езбейді дейсіз бе? Бірақ, оның жауабын бәрібір таппастай салғырт әрі сүлесоқпын. Мен үшін бір ғана жұбаныш бар – ол интернет, ондағы «менің әлемім»...