07 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы №15

890 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін
2011 жылғы 6 қаңтар, Астана қаласы Қазақстан Республикасындағы психиатриялық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы ко­дексінің 32-бабының 3-тармағының 1)­-тармақшасына сәй­кес, сондай-ақ пси­хи­атрия­лық ұйымдардың қызме­тін жетілдіру мақ­сатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республи­касындағы психиатриялық ұйымдардың қызметі туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдас­тыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) осы бұй­рықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік, бақылау және кадр жұмысы департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұй­рық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақ­па­рат құралдарында ресми жариялауды қамта­масыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақ­стан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жария­лаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Б.САДЫҚОВ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 қаңтар №15 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы психиатриялық ұйымдардың қызметі туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже мемлекеттік денсаулық сақтау секторының психиатриялық ұйымдарының мәр­тебесін, өкілеттігін айқындайды. 2. Психиатриялық ұйым –психикалық бұ­зылулардан (аурулардан) зардап шегетін адам­дарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету, сараптама жүргізу (әскери-дәрігерлік, сот-пси­хиа­триялық, уақыт­ша еңбекке жарамсыздық сарап­тамасы), басқа да консультациялық-пси­хиа­триялық, психо­тера­пиялық жә­не медициналық-психологиялық көмек көрсету негізгі қызметі болып табылатын медициналық денсаулық сақ­тау ұйымы. 3. Психиатриялық ұйымдар Қазақстан Рес­пуб­ликасының Конституциясына, Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңнамалық актілеріне, ұйым­ның жар­ғысына және осы Қазақстан Республи­касының психиатриялық ұйымдарының қызметі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жұмыс істейді. 4. Психиатриялық ұйымдар заңды тұлға болып табылады, мөртабаны, мөрі және өзінің атауы белгіленген фирмалық бланкісі болады. 5. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторының психиатриялық ұйымдары, өкілетті органдардың немесе облыс, республикалық маңызы бар қа­лалар мен астананың жергілікті органда­рының, мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының тікелей қара­мағында. 6. Психиатриялық ұйым медициналық білім және ғылым ұйымдарының клиникалық және (немесе) оқу базасы бола алады. 2. Психиатриялық ұйымдардың мақсаттары мен міндеттері 7. Психиатриялық ұйымдардың мақсаты денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарына сәйкес психикалық бұзылу­лардан (аурулардан) зардап шегетін адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. 8. Психиатриялық ұйымдардың міндеттері: 1) стандарттар талаптары мен диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес халыққа маман­данд­ы­рылған психиатриялық (психотерапевтік, медициналық-психологиялық) көмек көр­сету; 2) психиканың және мінез-құлқының бұзылу ауруларының алдын алу: аурудың пайда болуын ескерту мақсатында тіршілік әрекетіне қолайлы жағдай жасауға ба­ғытталған бастапқы психикасының және мінез-құлқының бұзы­лу (көпшілік, дербес) аурула­рының алдын алу; психикалық және мінез-құлықтық бұзылу ау­ру­ларының ерте сатыдағы және оның салда­рының күшеюін ескертуге бағытталған қайта­лама аурула­рының алдын алу; дамыған асқынуды бақылауға бағытталған жал­ғаспалы психикасының және мінез-құл­қының бұзылу ауруларының алдын алу; 3) психикасының және мінез-құлқының бұ­зы­лулары бар адамдардың әлеуметтік стигмати­зациясы мен дискриминациясын төмендету бо­йынша іс-шараларды іске асыру; 4) психикасының және мінез-құлқының бұ­зылулары бар адамдардың қоғамдық қауіпті әре­кеттерін төмендету бойынша іс-шараларды іске асыру; 5) адамдардың психикалық денсаулық мә­селелері бойынша ақпараттандырылуын арттыру бойынша ақпараттық-насихаттау сипатындағы іс-шараларды іске асыру; 6) психикалық және мінез-құлықтық бұ­зылулардан зардап шегуші адамдарға еңбек тера­пиясы мен қайта әлеуметтендіру үшін жағдай жасау; 7) психикалық денсаулық мәселесі бойынша психиатриялық ұйымдардың өзге де ұйым­дармен және мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимылды және сабақтастықты қам­тамасыз ету; 8) есеп және басқа құжаттардың мәліметтері бойынша сырқаттанушылық пен ауырсынуын, көрсетілетін психиатриялық медициналық-әлеу­меттік көмектің тиімділігін талдау; 9) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар үшін – практикалық денсаулық сақ­тауға жаңа ұйымдастыру түрлерін, психикалық бұзы­лулары бар адамдарды диагностикалаудың, емдеудің және оңалтудың клиникалық тиімді және қауіпсіз әдістерін енгізу. 3. Психиатриялық ұйымдардың түрлері мен үлгі құрылымы 9. Психиатриялық ұйымдарының түрлері: 1) психиатриялық ауруханалар: мамандан­дырылған үлгідегі бөлімшелерді және жіті бақы­ланатын мамандандырылған үлгідегі бөлім­шелерді қамтитын жіті бақыланатын маман­дандырылған үлгідегі психиатриялық ауруха­налар, психикалық денсаулық орталықтары, балалар психиатриялық ұйымдары, өңірлік психиатриялық ауруханалар, облыстық (қала­лық) психиатриялық ауруханалар; 2) психиатриялық (психоневрологиялық) дис­пансерлері; 3) ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-практикалық орталықтар. 10. Психиатриялық ұйымдарының барлық түр­леріне штаттық нормативтеріне сәйкес жиын­тықталған міндетті бөлімшелер: 1) әкімшілік-басқару қызметкерлер; 2) қаржы-экономикалық бөлім; 3) шаруашылық қызметі; 4) зертханалық және аспаптық-диагнос­тикалық бөлімшелер (өңірлік қажеттілігіне сәй­кес құрылымы мен түрі белгіленеді). 11. Психиатриялық ұйымдардың құрылымы: 1) міндетті бөлімшелерден басқа, психиа­триялық ауруханалар: стационарлық клиникалық бөлімшелер: жал­пы психиатриялық; психотерапиялық; психо­сома­ти­калық; геронтологиялық; балалар; маман­данды­рылған (психотуберкулездік), сот-психиа­триялық сараптамасы бөлімшесі; қарқынды терапия палатасы; емдеу-еңбек шеберханасы; амбулаториялық-емханалық бөлімше; өңірлік қажеттілігіне байланысты амбула­ториялық-психиатриялық сараптама бөлімі (бөлімшесі); стационарды алмастыратын бөлімшелер: күндізгі стационар, мультитәртіптік бригадалар; ұйымдастыру-әдістемелік немесе статистикалық бөлімі (кабинет); жедел мамандандырылған психиатриялық кө­мек. 2) міндетті бөлімшелерден басқа, психиа­триялық (психоневрологиялық) диспансерлер: амбулаториялық-емханалық бөлімше; стационарды алмастыратын бөлімшелер: күндізгі стационар, мультитәртіптік бригадалар; амбулаториялық-психиатриялық сараптама бөлімі (бөлімшесі), өңірлік қажеттілігіне бай­ланысты; ұйымдастыру-әдістемелік немесе статистика­лық бөлім (кабинет); өңірлік қажеттілігіне байланысты жедел ма­мандандырылған психиатриялық көмек; 3) ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-практикалық орталықтар: ғылыми бөлімшелер; стационарлық клиникалық бөлімшелер: жал­пы психиатриялық; психотерапиялық; психо­сомати­калық; геронтологиялық; балалар, күзе­тілетін сот-медициналық сараптама бөлімшесі; қарқынды терапия палатасы; емдеу-еңбек шеберханасы; ұйымдастыру-әдістемелік консультация бөлімшсі; стационарды алмастыратын бөлімшелер. 4. Амбулаториялық-емханалық бөлімше 12. Амбулаториялық-емханалық бөлімше (диспансерлік (емханалық) психиатриялық бө­лім­ше) стандарттар талаптары мен диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес психикасы мен мінез-құлқының бұзылулары бар адамдарға мамандандырылған медициналық-әлеуметтік кө­мек көрсететін психиатриялық ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 13. Амбулаториялық-емханалық бөлімшенің міндеттері: 1) психикасы мен мінез-құлқының бұ­зылулары бар адамдарды амбулаториялық қабылдау; 2) динамикалық бақылауда тұратын психи­касы және мінез-құлқының бұзылары бар адам­дарды клиникалық тексеру, үйде психиатриялық куәлан­дыру; 3) медицина құжаттарын жүргізу; 4) терапиялық, психопрофилактикалық және психогигиеналық іс-шараларын іске асыру; 5) адамның психикалық жағдайы және оның динамикалық бақылау жағдайы туралы қоры­тындыларды беру; 6) науқастардың уақытша жұмысқа жарам­сыздығын сараптау; 7) көрсетілетін психиатриялық көмектің тиімділігіне талдау жүргізу; 8) осы Ережемен белгіленетін психиатриялық ұйымдарының міндеттеріне сәйкес келетін қызметтердің өзге де түрлері. 14. Амбулаториялық-емханалық бөлімшеге маман­дандырылған психиатриялық көмекке жү­гін­ген адамдарды бақылауды іске асыру тәртібі: 1) консультациялық байқау – адамның өтініші және (немесе) жазбаша өтініші бойынша психиатриялық ұйымда және (немесе) үйде қарау және емдеу. Пациентке емдеу-оңалту іс-шараларын көрсету қажеттілігі аяқталғаннан кейін және (немесе) адамныңөтініші бойынша бұрын белгіленген консультациялық байқау тоқтатылады; 2) динамикалық байқау – осы Ереженің 16-тармағына сәйкес динамикалық байқау топ­тарына сәйкес ауыр, тұрақты, жиі асқынған ауыр­сыну көріністерімен созылмалы немесе ұзаққа созылған бұзылулары бар науқастардың психикалық жағдайын байқау және оны үйде және психиатриялық ұйымда тұрақты тексеріп-қарауы арқылы терапиялық іс-шараларды жүзеге асыру. 15. Пациенттің психиатриялық айғақтарына байланысты емес динамикалық байқаудан тастау себептері: 1) пациенттің тұрақты мекен жайын өзгерген, психиатриялық ұйым қызмет көрсететін аумақ шеңберінен кеткен кезде; 2) қайтыс болған кезде; 3) 12 ай ішінде тұрған жері туралы қандай да бір нақты мәліметтері болмаған кезде; 4) хабарсыз жоқ болғанын мойындаған немесе өлді деп хабарланған кезде. 16. Динамикалық байқау топтары: 1) бірінші топ – емдеуге жатқызумен қоса жүретін, психотикалық симптоматикасының ас­қынулары жиі және көрсетілген пациенттер (жы­лына екі және одан көп). Олардың байқаудың жиілігін жеке-жеке әр нақты жағдайда дәрігер белгілейді, жеті күнде бір реттен отыз күнде бір ретке дейін; 2) екінші топ – амбулаториялық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайда басы­латын психикасының бұзылуының деком­пен­сациясы мен асқынулары бар пациенттер. Қа­раудың жиілігі үш күннен жеті күн кезеңділікпен жүзеге асырылады; 3) үшінші топ – үдерістің біркелкі прогредиентті ағымымен және спонтандық ремис­сия­сымен тұрақтанған күйдегі пациенттер. Қарау­дың жиілігі үш айда бір реттен жиі емес; 4) төртінші топ – психопатологиялық бұзы­луларының ремиссия немесе компенсация жағ­дай­ындағы, әлеуметтік-еңбектік және тұрмыстық бейімделуі жақсы, қазіргі уақытта белсенді әлеуметтік-сақтандыру шараларын талап етпейтін пациенттер. Қараудың жиілігі 6 айда бір реттен жиі емес, 12 ай өткеннен кейін – дина­микалық байқаудан алып тастау туралы мәселесін қарау; 5) бесінші топ (белсенді динамикалық байқау тобы) – әлеуметтік-қауіпті әрекеттерге бейім пациенттер, жоғары суицидтік қауіптері бар адамдар. Қараудың жиілігі ай сайын (айғақтары болған жағдайда жиі). 5. Стационарды алмастыратын бөлімшелер 17. Күндізгі стационар дербес заңды тұлға ретінде немесе амбулаториялық-емханалық және ста­ционарлық көмек көрсететін психиатриялық немесе медициналық ұйымның құрамында пси­хиатриялық бөлімшесі (бөлімше, кабинет) бар, оның бөлімшесі құқығында ұйымдас­тырылады. 18. Күндізгі стационарда емделу үшін айғақтар: 1) асқынудың профилактикасы мен тоқтату, тәулік бойы байқауды талап етпейтін психика бұзылуларының декомпенсациясы; 2) сот-психиатриялық сараптамадан басқа психикасының бұзылулары бар пациенттерің диагностикалық және сараптамалық бағалау. 19. Күндізгі стационарда емдеу үшін қарсы көрсетілімдер: 1) жоғары суицидтік қауіп; 2) айналасындағылар үшін қауіптілік; 3) ауыр соматикалық жағдай, жұқпалы кездегі инфекциялық және венериялық аурулар; 4) психикалық аурумен ауыратын адамның пси­хикалық және (немесе) соматикалық жағда­йының ауыр салдарынан күндізгі стационар тәртібіне қабілетсіздігі. 20. Күндізгі стационарда емдеу мерзімі – 90 күнге дейін. 21. Күндізгі стационарда психотропты пре­параттарды еске ала отырып, екі реттік та­мақтану көзделген. 22. Мультитәртіптік бригадалар штат кес­тесінің шегінде психиатриялық ұйымның құра­мында ұйымдастырылады. 23. Мультитәртіптік бригадалардың мақсат­тары: 1) психикалық аурулардың асқынуларының алдын алу; 2) медициналық-әлеуметтік көмек көрсету. 6. Стационарлық клиникалық бөлімшелер 24. Стационарлық клиникалық бөлімшелер психиатриялық ұйымының құрылымдық бөлім­шелері болып табылады және стационарлық маман­дандырылған көмек көрсету стандарт­тарына сәйкес психикасы мен мінез-құлық бұзы­лулары бар адамдарға стационарлық маман­дандырылған көмек көрсетеді. 25. Клиникалық бөлімшелерде бақылауды ұйымдастыру тәртібі: 1) жалпы бақылау тәртібі – бөлімшеде қозға­лысты шектемей тәуліктік бақылау. Жалпы тәртіп мынадай жағдайда белгіленеді: өзіне және айналасындағыларға тікелей қа­уіпті болмағанда; бөгде адамның көмегінсіз жеке гигиенаны сақтауға қабілетті кезде; осы Ереженің 25-тармағының 4-тармақ­шасында көрсетілген байқау мен ұстаудың өзге тәртібін қажет ететін психикалық және сома­тикалық бұзылулардың болмаған кезде; 2) ішінара емдеуге жатқызу тәртібі – ауруханадан тыс жағдайларда оны бейімдеу қажеттігін ескере отырып, күндізгі немесе түнгі уақытта бөлімшеде пациенттің болу мүмкіндігі. Ішінара емдеуге жатқызу тәртібі ДБК шешімімен белгіленеді және мынадай жағдайда ұсынылады: осы Ереженің 25-тармағының 1-тармақ­шасын­да белгіленген байқауға арналған өлшем­дердің болған кезде; күнделікті, бірақ тәуліктік емес байқауды қажет ететін психикалық жағдайы тұрақтан­дырылған кезде. Мәжбүрлеп емдеудегі адамдар мен сот-тергеу органдарының анықтамасы (қаулысы) бойынша сараптама үшін жатқандарға ішінара емдеуге жатқызу тәртібі қолданылмайды; 3) емдеу демалыстарының тәртібі – ауруханадан тыс жағдайларға біртіндеп бейімдеу, тұр­мыстық және әлеуметтік мәселелерді шешу, сон­дай-ақ қол жеткізілген емдеу тиімділігін бағалау мақсатында ДКК шешімі бойынша бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін бөлім­шеден тыс болу мүмкіндігі. Емдеу дема­лыстарының тәртібі ДКК шешімі бойынша белгіленеді және мынадай жағдайда ұсынылады: осы Ереженің 25-тармағының 1-тармақ­ша­сында белгіленген байқауға арналған өлшем­дердің болған кезде; күнделікті байқауды қажет етпейтін психи­калық жағдайы тұрақтандырылған кезде. Мәжбүрлеп емдеудегі адамдар мен сот-тергеу органдарының анықтамасы (қаулысы) бойынша сараптама үшін жатқандарға емдеу демалыс­тарының тәртібі қолданылмайды; 4) бақылаудың күшейтілген тәртібі – тәулік бойы байқау және бөлімшеден тыс қозғалысты шектеу. Күшейтілген тәртіп мына жағдайда белгіленеді: өзіне және айналасындағыларға тікелей қауіпті емес жіті психикасының бұзылған кезде; бөгде адамның көмегінсіз жеке гигиенаны сақ­тауға қабілетті кезде; осы Ереженің 25-тармағының 5) тармақша­сында көрсетілген байқау мен ұстаудың өзге тәртібін қажет ететін психикалық және сомати­калық бұзылулардың болмаған кезде; 5) бақылаудың қатаң тәртібі – тәуліктік үзіліссіз бақылау, бөлімшеде және одан тыс медицина қызметкерлерінің тұрақты алып жүруі. Қатаң тәртіп мынадай жағдайда белгіленеді: оның өзіне және айналасындағыларға тікелей қауіптілігінде; оның әлсіздігінде, яғни, тиісті күтім болмаған кезде, өзінің тіршілік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыра алмаған жағдайда; егер науқасты бақылаусыз қалдырғанда оның денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін болғанда. 26. Белгіленген байқау тәртібі науқастың стационардағы барлық болған уақыты ішінде осы Ереженің 25-тармағының 1, 2, 3, 4, 5­-тар­мақшаларында көрсетілген өлшемдерге сәйкес өзгеруі мүмкін. Байқау тәртібі түскен кезде кезекші дәрігердің, клиникалық бөлім­шелердегі емдеу дәрігерінің, ал ДКК ішінара ауруханаға жатқызуды тағайындау кезінде белгіленеді және ол туралы медициналық құжат­тамада тиісті жазба жазылады. 27. Жалпы психиатриялық бөлімшеге адам­дарды соттың шешімінсіз мәжбүрлеп емдеуге жатқызу тәртібімен жатқызған кезде, психиа­триялық ұйымның әкімшілігі комиссиялық куә­ландыруды ұйымдастырады, ал емдеуге жат­қызудың осы негізділігі расталған кезде, пациенттің жатқызылған уақыттан бастап 48 сағаттан аспайтын мерзімде комиссиялық куәландырылған күні және уақытын көрсетіп, өңірлік прокуратура орган­дарына жазба түрінде хабарлайды. 28. Күзетілетін сот-психиатриялық сараптама бөлімшесіне жіберілген адамдарды ұстау және тәртібі күзетілетін сот-психиатриялық сараптама бөлімшесінің басшысы бекітетін және бөлімшені күзететін органмен келісілген ережеге және нұсқаулыққа сәйкес белгіленеді. 7. Жедел мамандандырылған психиатриялық көмек 29. Жедел мамандандырылған психиатрия­лық көмек (бұдан әрі – ЖМПК) – психикасының және мінез-құлқының бұзылулары бар нау­қастарға жергілікті жерде және медициналық ұйымға барар жолда тәуліктік шұғыл психиа­триялық көмекті ұйым­дастыру жүйесі. 30. ЖМПК көрсетуді, қалалық станцияның жедел медициналық жәрдем немесе психиа­триялық ұйымының құрамында ұйымдас­тырылған мамандандырылған бригадалар жүзеге асырады. 31. ЖМПК қызметі жедел және шұғыл көмек станцияларының (бөлімшелерінің) әрекетін анықтайтын нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 32. ЖМПК бригадаларының мақсаттары: 1) психиатриялық куәландыруды жүргізу және барлық жағдайларда науқастың психи­калық күйі кідіртпейтін медициналық іс-шараларды талап еткен кезде, дәрілік терапияны қолдану туралы мәселені қоса ЖМПК көрсету; 2) психиатр дәрігерлердің жолдамасы бойын­ша арнайы оқыған орта медицина қызметкерінің алып жүруін қажет ететін науқастарды тасы­малдау. 33. Ерекше төтенше жағдайлардан басқа, психи­калық патологиясы болмаған кезде ЖМПК брига­даларын оқиғаларға шақыруға тыйым салынады. 8. Ұйымдастыру-әдістемелік консуль­тация­лық бөлімше 34. Ұйымдастыру-әдістемелік консультация­лық бөлімше (бұдан әрі – ҰӘКБ) ғылыми-зерттеу институтының, ғылыми-практикалық орталықтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 35. ҰӘКБ мақсаты – ғылыми-зерттеу инс­титутына, ғылыми-практикалық орталыққа және психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың ұйымдастыру-әдістемелік көмекке мамандандырылған психиатриялық көмекке жү­гінген азаматтарға консультациялық-диа­гнос­тикалық көмек көрсету. 36. ҰМКБ міндеттері: 1) психикасы мен мінез-құлық бұзылулары бар адамдарды амбулаториялық қабылдау; 2) қажетті медициналық құжаттарды жүргізу; 3) терапиялық, психопрофилактикалық және психогигиеналық іс-шараларды іске асыру; 4) психиатриялық көмек көрсетуді талдау және мониторингін жүргізу және психиатриялық көмек көрсету стандарттарын сақтау; 5) жұмыстың озық тәжірибесін, еңбек пен басқарудың ғылыми түрде ұйымдастыруын, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, психиатриялық көмек көрсетудің инновациялық технологияларын оқу, қорытындау, және енгізу; 6) есепке беру құжаттарын жедел жүргізу, статистикалық есеп берушілікті құру және саралау, республика бойынша жиынтық есептерді құру; 7) республиканың тұрғындарына психиа­триялық көмек көрсету бойынша негізгі ұйым­дастыру іс-шара­ларының жыл сайынғы және жиынтық жоспар­ларын өндеу; 8) психиатриялық бейіндегі аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу мәсе­лелері бойынша активтерді, кеңестерді, конфе­ренцияларды дайын­дауға және өткізуге қатысу; 9) тұрғындарға психиатриялық көмекті ұйым­дастыру бойынша жұмыс процесінде туындайтын күрделі ұйымдастыру, клиникалық-диагностикалық әлеуметтік-құқықтық мәселе­лерді шешу үшін құрамында неғұрлым білікті психиатр-дәрігерлер, ғалымдар, денсаулық сақ­тау ісін ұйымдас­тыру­шылар, заңгерлер, меди­циналық психологтар бар комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас психиа­трына өтініш беру. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 14 ақ­панда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6776 болып енгізілді.