07 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің бұйрығы №88

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 18 ақпан                           Астана қаласы «Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес бұйырамын: 1. «Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сы­нақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 (Мем­лекеттік тіркеу тізімінде 2005 жылы 15 сәуірде  № 3563 болып тіркелген, Қа­зақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде № 14, 2005 ж. мамыр, 56-құжат болып жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібінің ережелерінде: 5-тармақтағы: «жеке» деген сөз алып тасталсын; «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы» деген сөз­дер­мен ауыстырылсын; 9-тармақтағы «жеке» деген сөз алып тасталсын; 11-тармақтағы «жеке» деген сөз алып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын. 3. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Ә.ЖАҚСЫБЕКОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 16 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6810 болып енгізілді.