2011 жылғы 13 қаңтар Астана қаласы
«Банктер мен және банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық қызметі органдарымен өзара қарым-қатынасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 598 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Бұйырамын:
1. «Банктердің және банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық қызметі органдарымен өзара қарым-қатынасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5439 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 13 (1436) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
барлық мәтін бойынша «сыйақы ретінде танылуын», «тануды» деген сөздерден кейін «мұндай сыйақыны есептеуді тоқтата тұру жолымен» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б.ЖӘМІШЕВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 2 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6765 болып енгізілді.