14 Ақпан, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті әңгіме барысында Г.Бердімұхамедовті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған мемлекеттік қызметте табыс және жаңа жетістіктер тіледі, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Мемлекеттер басшылары екі халықтың тарихи тұрғыдан жақындығын, сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі тату көршілік қарым-қатынасты атап өтті. Сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты одан әрі нығайтудың маңыздылығы айтылды. Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.  Түрікменстан Президенті шақыруды зор ілтипатпен қабыл алды.
Соңғы жаңалықтар