14 Ақпан, 2017

2030 жылға дейін Алматы жанынан жаңа қала салынады

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы қаласының алғашқы серік қаласы (Gate City) құрылысы 2030 жылға дейін аяқталады. Қала төрт бөліктен тұрады, деп мәлімдеді бүгін инвестициялар және даму министрінің орынбасары Роман Скляр. «Алматы облыстық мәслихатының шешімімен жобаның техникалық-экономикалық негізі дайындалды. Құжатқа сай, Gate City құрылысы 2030 жылға дейін аяқталады», — деді Роман Скляр. Gate City құрылысында жолаушылар және жүк айналымының ішкі және сыртқы реттеулері бойынша транспорттық қызмет, индустриялды аймақтар мен кластерлер кешен, тұрғын үй-азаматтық кешендері мен әкімшілік-іскерлік және қоғамдық нысандар қамтылмақ. «Қазіргі таңда Алматының серік қаласы Gate City-ге инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылым тартылған. Соның ішінде су, газ және электрмен қамтамасыз етіліп тұр. Енді жол мен инженерлік желілер тарту керек. Сонымен қатар қуаттылығы 200 Гкал/сағат болатын қазандық құрылысы аяқталып қалды», — деді Роман Скляр. Құжатқа сай, 2030 жылға дейін қала құрылысына 650 млрд теңге бөлінеді. Соның ішінде бюджет қаржысы 206 млрд болса, жеке қаржы 444 млрд теңге. Министр орынбасарының мәліметінше, 2008-2015 жылдар аралығында 31,4 млрд теңге бөлінген. Ал 2016 жылы жобаға қаржы бөлінбеген. 2030 жылдан кейін осылайша Алматы жанынан Golden City, Growing City және Green City қалалары бой көтермек. Алматы жанынан төрт серік қала салу туралы шешім 2006 жылы қабылданған еді. 2007 жылғы президенттің шешімімен 2008 жылы G4 City жобасы басталған. Бұл қалалар Алматы-Қапшағай тас жолы бойында салынбақ.