Дариға Назарбаева бастаған Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Ұлттық ұланның басшылығымен кездесіп, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 2017-2019 жылдарға арналған даму жоспарын» талқылады.
Комитет төрайымы Д.Назарбаева мемлекеттегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Ұлттық ұланның маңызды рөлін атап өтті.
Кездесуде Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов негізгі баяндама жасады. Ол Ұлттық ұланды дамытудағы негізгі басымдықтарды белгіледі және әскердің материалдық-техникалық жабдықталуы, әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.
Даму жоспарында басқару органдарын одан әрі жетілдіру, басшылық және жауынгерлік даярлық, әскери білім беру және қаржы шығындарынсыз жоспарлы түрдегі моральдық-психологиялық тұрғыда қамтамасыз ету шаралары көзделіп отыр, деді Р.Жақсылықов.
Сенаторлар С.Жақсыбеков, М.Алтынбаев, Л.Қиынов, Г.Ким кездесуде өзекті мәселелерге тоқталып, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.