15 Ақпан, 2017

ЕАЭО-да ортақ газ бағасы жасалды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік орган өкілдері мен ірі мұнай-газ компаниялары ЕАЭО елдерінде газдың бағасы бірдей болуына ұсыныс білдірді, деп жазады abctv.kz. Газдың ортақ нарығының бағдарламасы  мұнай және газ  жөніндегі консультативтік комитет  жанындағы жұмыс  тобының отырысында  талқыланды. Оның құрамына  құзырлы орган өкілдері, ЕАЭО аясындағы мұнай-газ компаниялары енеді. Жұмыс тобының мүшелері  ортақ нарықты қалыптастыру  кезінде  ортақ  газ нарығын  құруды есепке алатын болсақ, мүше елдердің барлығына газдың бағасы тең болуы керек. Сондай-ақ, одақ органдарының құзырын анықтау бойынша халықаралық келісім орнату қажет.