Бұрнағы күні Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында Астананың «Барысы» өз мұз айдынында Новосібірдің «Сибирь» командасымен күш сынасып, шиеленісті өткен ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Астаналық ұжым үшін бұл тұрақты чемпионаттағы 31-ші жеңіс еді. Соның арқасында жерлестеріміз осымен сегізінші рет турнирдің плей-офф кезеңіне шығып отыр.
Ойынның негізгі уақытында соғылған қос шайба бірінші кезеңге тиесілі болды. Матчтың 8-минутында қонақтардың шабуылшысы Кирилл Воробьев есеп ашса, «Барыс» тарапынан қарымта голды 14-минутта Дастин Бойд соқты.
Алма-кезек шабуылмен өткен кездесудің аяғына дейін осы есеп өзгермей, командалар қосымша уақыт ойнауға мәжбүр болды. Ал овертаймның соңғы секундтарында Найджел Доустың құлаштай соққан шайбасы «Барысқа» ауадай қажет үш ұпайды әкелді.
Турнирдің келесі кезеңіндегі, яғни плей-офф сынындағы «Барыстың» қарсыласы белгілі. Ол – Челябінің «Трактор» командасы.
Қазір жерлестеріміздің еншісінде 89 ұпай бар. Команда «Шығыс» дивизионы бойынша турнир кестесінде бесінші орында тұр. Енді олар қалған екі ойынды да өз айдынында өткізеді. Астана хоккей клубына қарсы «Металлург» (Новокузнецк) пен «Авангард» (Омбы) командалары ойнайтын болады.
Еске салар болсақ, Астананың «Барысы» 2008-2009 жылдардағы маусымнан бастап тұрақты чемпионаттың плей-офф кезеңіне үздіксіз шығып келеді. Тек 2015 жылдың 16 маусымында ғана олар үздік сегіздіктің қатарына қосыла алмаған еді.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»
АСТАНА

«Turan Standard Pool» платформасы шаруаның жүгін қалай жеңілдетеді?
Форум • Бүгін, 16:44
Шымкентте газ құбырынан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35
Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:24
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:15
Су тасқыны қаупі: Қостанай облысының әкімі шұғыл тапсырма берді
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Тері өңдеу зауыттарына 10 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады
Шаруашылық • Бүгін, 16:12
Атырауда жүздеген адамның қызылша жұқтырғаны хабарланды
Аймақтар • Бүгін, 16:02
Автокөлік нөмірін полицей алып кетсе не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 15:52
Ұлттық банк ескертеді: Төлем картасын бұғаттау арқылы жасалатын алаяқтық көбейді
Оқиға • Бүгін, 15:40
«Жұп-тақ күндер» режимі: Кей қалаларда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:30
Оқиға • Бүгін, 15:22
Астанада наурыз айында ауа райы қандай болады?
Елорда • Бүгін, 15:13
Ақмола облысында фермерлер қандай шартпен жеңілдетілген несие алады?
Шаруашылық • Бүгін, 15:00
Kaspi.kz-тегі депозит пен аударым талаптары неге күшейтілді?
Банк • Бүгін, 14:48
Атырау облысында 584 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 14:36