17 Ақпан, 2017

Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болып, бұрқасын соғып, желдің күшеюі сақталады. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Оңтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Алматы облысының  кей жерлерінде тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде  түнде және таңертең тұман  болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.