17 Ақпан, 2017

Қостанай облысында елік ату тыйылмай тұр

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мұнан бұрын да облыс өңірінде заңсыз елік ату туралы хабарланған. Жақында ғана полицейлер Меңдіғара ауданының Жарқайың ауылынан 30 жастағы ер адамның үйінен атып алып, тығып қойған елікті тауып алды. Қостанай облыстық ішкі істер департаменті табиғат қорғау поициясының басшысы Талғат Ахметовтің айтуынша, өңірде сирек кездесетін сібір елігінің терісін бірнеше жерден оқ тескен, оны ыдысқа салып жасырған. Браконьердің елікті атып алғанын дәлелдеудің де қажет болған жоқ.Браконьердің жатын бөлмесіндегі төсектің астынан тіркелмеген екі аңшы мылтығы табылды. Қазір заңсыз аң аулағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»