Қостанайда Төтенше жағдайдар департаменті қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, үй өртінің алдын алу шараларын, адамдарды ақпараттандыру жұмыстарын бастады. Себебі, өткен жылы облыста 1185 өрт тіркелген, оның 819-ы жеке секторда болған. Соның салдарынан 37 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Әсіресе, оның ішінде 19 адам мас күйінде қаза тапқан.
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, адамдардың мұндай жағдайда опат болуына көбіне тұрғындардың әлеуметтік бейімделмегенінен. Сондай-ақ, әлеуметтік төменгі топтардың арасында орын алады.
«Бірлескен рейд кезінде жеке сектеорларда тұратын әлеуметтік тұрмысы төмен және әлеуметтік бейімделмеген азаматтарға өрт болдырмаудың алдын алу шаралары туралы түсіндіріп, «Тұншықтырғыш газ», «Электр қондырғыларын сөндіріңіз» жадынамалары мен «Өрт кезіндегі әрекет» плакаттары таратылды», – дейді Қостанай қалалық ІІБ ЖПҚ Онтүстік бөлімінің учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Қ.А. Марат.
Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»