17 Ақпан, 2017

Қазақстан қорғанысқа қаржы бөлуді азайтты

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР қорғанысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қаржыландыру көлемі 2016 жылы 1 трлн теңгені құрады. Бұл 2015 жылғымен салыстырғанда 1,1 пайызға артық. Соның ішінде қорғаныс саласына қаржы бөлу 3 пайызға азайса, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге берілетін қаражат 5 пайыз көбейген, деп жазады ranking.kz. Қорғаныс пен қоғамдық тәртіпке бюджет шығынының 11 пайызы жұмсалады. Бұл сала көлемі жағынан үшінші орында. Ал бірінші және екінші орында әлеуметтік қолдау (21%) және білім беру (18%). Қорғаныс пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бөлінетін қаржының 41-43 пайызы қорғанысқа бағытталса, қалғаны қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот және қылмыстың алдын алу қызметтеріне жұмсалады. Жалпы, бұл сала негізінен республикалық бюджет тарапынан қаржыландырылады. Нақтырақ айтар болсақ, шығынның 86 пайызы республикалық бюджеттен, қалған 14 пайызы жергілікті бюджеттен бөлінеді. Қорғаныс саласына ең көп қаржы бөлетін өңірлердің көшін ОҚО, Ақмола және Алматы облысының үштігі бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Алмат мен Қарағанды облыстары. Ал қоғамдық тәртіпті қадағалау тұрғысынан ең көп қаржы бөлетін өңірлер Алматы қаласы мен ОҚО. Одан кейінгі орында Астана қаласы. Астанадан кейін тиісінше Қарағанды, Алматы облысы мен ШҚО.