17 Ақпан, 2017

Премьер Жамбылдағы оқиғаны тергеу барысын бақылауына алды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Премьер-Министр Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тергеу барысын жеке бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бақытжан Сағынтаев Қорғаныс министрі С.Жасұзақов пен Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты есептерін тыңдады. Министр С.Жасұзақов оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қолға алынған іс-шаралар барысы туралы баяндады. Уәкілетті орган сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын бастады. Әскери бөлімде Тараз гарнизонының қызметкерлері жұмыс істеуде. Премьер-Министр қайғылы оқиғаны тексеруге байланысты Үкімет комиссиясын құруды тапсырды. Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовқа оқиға орнына ұшып бару тапсырылды. Тексеру барысын Премьер-Министр өзінің жеке бақылауына алды. Еске сала кетейік, 17 ақпанда Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан 91678 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жоспарлы сабағы барысында күтпеген жерден қар көшкіні түскен. Жауынгерлік дайындық сабағына барлығы 23 адам қатысқан. Қазіргі таңда Жамбыл облысы Көксай шатқалындағы іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, 7 әскери қызметші қаза тапты. 
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20