20 Ақпан, 2017

«Kaznex Invest» және «Kazakh Export» деген екі компания құрылады

281 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан 117 елге 960-тан астам тауар түрін экспорттайды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті. «Феррохромды 188 мың тоннаға (+21% заттай) артығымен экспорттадық.  Бірақ, ақшалай экспорттық түсім 15 млн. долларға төмендеді. Катодты мыстың экспорты физикалық көлемде 36 мың тоннаға өсті, бірақ төмендеген құндық мәні  90 млн. АҚШ долларынан астам.(Катодты мыстың экспорттық бағасы орташа есеппен 950 долларға, сары фосфор 1400 долларға төмендеді.)»,- деді министр. Осыған байланысты Қытай, Иран, Түркия нарығына шығу жөніндегі, сауда миссияларын ұйымдастыру, экспорттық келісімдерді қаржыландыру,  шығынды өтеу келісімдерін жүзеге асыру жолымен экспорттаушыларға көмектесу жұмыстары күшейтілді. Министр Жеңіс Қасымбектің айтуынша, осы жұмыстардың нәтижесінде электротехника (+38,8%-тен 134,3 млн.долл, дейін), дайын металл бұйымдары (+11,4% 92,2 млн.долл дейін), резина және пластмасса бұйымдары (+14,5%  55 млн.долл.дейін), құрылыс материалдары (+43,6%-тен 50,2 млн.долл. дейін), және тағы басқа дайын өнім экспорты артатын болады. «Аталған жұмысты күшейту үшін ҚР Үкіметі жанынан экспорт жөніндегі Ұлттық кеңес, ал КазЭкспортГарант  базасында мамандандырылған ұлттық компания «KAZAKH EXPORT» құрылады. Жалпы, 2017 жыл өңделген экспорт өсімінің қалпына келген жылы болады деп есептейміз»,-деді министр Ж.Қасымбек.
 ҚР Инвестициялар және даму министрі ЭЫДҰ стандартына сәйкес елдің инвестициялық климатын жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Бұған дейін ЭЫДҰ инвестиция жөніндегі Комитеті ЭЫДҰ Кеңесіне Қазақстанды қатысушы ретінде шақыру шешімін қабылдады. Кеңестің шешімі биыл наурыз-сәуір  айларында белгілі болады деп күтілуде. Барлық инвесторлар үшін «Бір терезе» қағидасы енгізілді (300-ден астам мемлекеттік қызмет). Бүгінде ол үлкен сұранысқа ие болып отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, 5500-ден астам өтініш келіп түсті және шамамен 8000 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазір инвесторларға қолдау көрсететін автоматтандырылған жүйені әзірлеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен қатар, Инвестициялық омбудсмен институты қызмет етеді. Инвестиция тарту бойынша жұмыстар жоғарғы деңгейде күшейтілді. Атап айтқанда, басымдыққа ие 10 елде (АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Оңтүстік Корея, Иран, Жапония, Германия, Франция, Қытай, Үндістан) инвестиция тарту бойынша арнайы кеңесшілер белгіленді, сонымен қатар, шетелде «Kaznex Invest» АҚ-ның 5 аймақтық фронт-кеңсесі ашылды (АҚШ, Германия, Түркия, БАӘ, ҚХР). «Kaznex Invest» АҚ базасында Инвестиция жөніндегі «Кazakh Invest» мамандандырылған ұлттық компаниясы құрылады, ол Үкіметтің атынан мақсатты ТҰК және ірі инвесторлармен келіссөздер жүргізеді. «Аймақтық деңгейде облыс әкімдерінің басшылығымен инвестиция тарту жөніндегі Кеңес құрылды. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, экспорт және инвестиция тарту жүйесін қайта форматтау бойынша жұмыстарды бастадық»-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.