21 Ақпан, 2017

Іргелі ізденістерге жетелейді

272 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде профессор-оқытушылар мен студенттердің қатысуымен «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбы бойынша ғылыми-теориялық конференция өтті. Алқалы жиынды еңселі оқу ордасының ректоры Серік Өмірбаев кіріспе сөзбен ашып, алдымен Президент­тің билік тармақтары арасын­да өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуге байланысты жалпыхалық­тық талқылаудың кең қанат жайғанын, осылайша әлеумет­тік-экономикалық сипаттағы маңызды шешімдер қабылдау арқылы демократиялық үр­діс­терге кең жол ашылатынын атап көрсетті. Реформалар мен мем­лекеттік бағдарламалардың тиімді түрде жүзеге асырылуына Үкімет те, Парламент те мүдделі болуға тиіс. Жауапкерші­лік нығайған жерде тәртіп те, талап та болады. Ең бастысы, әркім­нің өз жұмыс учаскесі­не деген тегеурінді көзқара­сы, берік бай­ламы қалыптаса­ды. Елбасы ұсынған кең ауқым­­ды ұсыныс­тар мемлекеттік бас­қару жүйе­сін жетілдірумен қатар, жергі­лік­ті атқарушы органдардың да дербестігін нығайтады. Конференцияда сөз ал­ған «Қазақ филологиясы» кафе­д­расының меңгерушісі, фило­логия ғылымдарының канди­да­ты Жанбай Қадыров, «Ақ­параттық жүйе» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Наталья Копьева, «Энергетика және радиотехника» кафед­расының доценті Юлия Гера­симова, «География және экология» кафедрасының мең­герушісі Павел Дмитриев биыл халыққа жария етіл­ген «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» Жол­дауы­нан туындайтын мін­дет­тер­ді саралап, негізгі басым­дық­тар аясында атқарылатын шара­ларды сөз етті. Бүгінде оқу орнының ға­лым­­дары 14 ғылыми жоба ая­сын­да ізденістерін жал­ғас­­тыра түскен. Олар ауыл шаруа­шылығы, ақпараттық және телекоммуникация­лық тех­ноло­гиялар, экологиялық таза азық-түліктер шығару, энер­­гетика және машина жасау, тағы басқа салаларды қамти­ды. Уни­верситет басшылығы өзін өзі жұмыспен қамту жөнін­дегі студенттер бастамалары­на үлкен қолдау көрсетіп келеді. Жаңа оқу жылынан бастап барлық мамандықтар бойынша «Кәсіпкерлік негіздері» ат­ты пән енгізілген. Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» кәсіп­керлікті қолдау қоры осы та­қырып шеңберінде бірнеше оқу семинарын ұйымдастырған. Алда бірқатар шараларды жүзеге асыру белгіленген. Олардың бірі – білім бағдарламаларын мамандандырылған аккре­дит­теуден өткізу, Wi-Fi-ға сым­сыз қосылу жүйесін кеңейту, элек­т­рон­ды оқу залдарындағы компью­терлерді жаңарту, ғылы­ми-техникалық қызмет нәти­же­лерін коммерциялан­дыру жоба­ларына қаржыгерлер іздестіру. Жиынға қатысушылар Үн­деу мен Жолдау талаптарын бас­шылыққа ала отырып, өз жұмыстарын одан әрі ширата түсуге уағдаласты. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы