21 Ақпан, 2017

Ой шебінде – жаңа энергетика

350 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
«Болашақтың энергиясы» ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің дайындығы соңғы кезеңіне келді. Бұл – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ауқымды идеяларының іске асуы. Сондай-ақ, ол 2017 жылдың ұлттық негізгі жобаларының бірі болып табылады және қазақстандықтарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Көрмені өткізу үшін дайындық жұ­мыс­тары кең ауқымда жүргізілуде жә­не ол Мемлекет басшысының, Үкі­мет­тің, ор­та­лық атқарушы органдардың, Астана әкім­дігінің және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-тың басты назарында. Қазақстан ғалымдары мен инже­нер­лерінің осындай жалпыұлттық іс­ке қосып отырған үлкен үлесі, бұл –­ WSEC-2017 Инженерлер мен ғалым­дар­­дың дүниежүзілік конгресі. Аталған Кон­­гресті 2017 жылдың маусым айын­да басталатын көрме аясында адам өмі­рі­нің негізі ретінде энергия тиім­ді­лігі мен энергетика саласын кадр­лар­мен қам­тамасыз етуде, баламалы жә­не жа­ң­- ғырмалы энергия көздерін қолд­а­н­у­да негізгі мәселелер мен қазіргі за­ман­­ғы энергетикадағы үрдістерді кең тал­­қылау үшін әлемдік деңгейдегі бе­дел­­­ді пікірталас алаңы ретінде өткізу жос­­парланды. Конгресті өткізу идеясын екі академия – Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғы­лымдарының академиясы (ҚазҰЖҒА) мен Қазақстан Республикасының Ұлт­тық инженерлік академиясы (ҚР ҰИА) ұсы­н­ды және олар Конгрестің ең басты ұйым­дастырушылары болып табылады. Бұл идея Қазақстан Үкіметінің дең­гейінде бекітіліп, оған дайындық 2014 жылы басталды. Бұл бағыттағы не­гіз­гі бағдар мен міндеттер еліміз­дің Пре­зиденті Н.Назарбаевтың «Қазақ­­- с­тан-2050» стратегиясында «Көмір­су­те­­гі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, біз энергияның ба­ла­малы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіс­піз», деп айтылған мәселелермен үн­дес­тік табады. Осы уақыт ішінде Конгрестің не­гізгі органдары: Халықаралық бағ­дар­ламалық комитетін басқару маған тапсырылды және Ұйымдастыру ко­ми­те­тін басқару ҰИА президенті, академик Б.Жұмағұловқа жүктелді. 2014 жылдан бері ондаған отырыст­ар мен түрлі деңгейдегі талқылаулар, шет­ел­дік әріптестермен, ірі халықаралық ұйым­дармен, ғылыми орталықтар және осы бағыттағы өндірістік компаниялармен кеңестер кең ауқымда жүргізілді. Бір­қатар мазмұнды конференциялар мен ғы­лыми сессиялар өткізілді. Мысалы, KAZENERGY X форумы шеңберінде мұнай-газ конференциясы өте қызықты өтті. WSEC-2017 аталған конференция шеңберінде Қытай Инженерлік акаде­мия­сымен ынтымақтастық туралы ме­мо­рандумға қол қойылды. Біздің ғалымдар WSEC-2017 Кон­гресін өткізу аясында Дубайда ұйым­дас­тырылған Жаңғырмалы энергия бойынша халықаралық агенттік (IRENA) Ассамблеясының VI сессиясы­на қатысты. Бұған қоса, біз Астана эко­номикалық форумы шеңберінде «Бо­ла­шақтың энергиясы» панельдік се­ссия­­с­ын өткіздік және жақында18 ел­д­ен келген 300-ден астам жетекші ға­­лымдар мен сарапшылар қатысқан «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ форумы ұйымдастырылды. Бұл тек жүзеге асы­ры­лған іс-шаралардың кейбіреулері ға­на. Конгресті дайындауда ұйым­дас­ты­ру­­шылар мен белсенді қатысушылар қа­­та­рына еліміздің мемлекеттік бас­қа­ру орган­дары, ғылыми-зерттеу ұйым­да­­ры мен университеттері, қоғамдық бір­­лестіктері, салалық кәсіпорындар мен компаниялар кірді. Олардың ішін­де Елбасының – Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Президенті Қоры, Назарбаев Университет, «Самұрық Энерго» АҚ, «KEGOC» және т.б. бар. Аса жауапты міндеттерді өз өкі­лет­тіктері шеңберінде Энергетика ми­нис­трлігі, Сыртқы істер министрлігі, Біл­ім және ғылым министрлігі, Астана қа­ласының әкімдігі сәтті атқаруда. Мә­селен, бізге Энергетика министрлігі үл­кен қолдау көрсетті. Министрлік тұ­жырымдама әзірлеу кезінде ауқымды жұ­мыс атқарды. Конгреске қатысуға 200-ден астам белгілі энергетикалық кон­цер­ндер, кәсіпорындар мен бір­лес­тіктер тартылды. Сондай-ақ, Сыртқы іс­тер министрлігі Конгресс туралы ақ­параттың әлемдік кеңістікте таралуына қомақты үлес қосты, Конгресс ор­гандары мен жетекші халықаралық бір­лестіктер, ұйымдар, кәсіпорындар мен концерндер, сонымен қатар, ірі ға­лымдар және энергетика саласындағы әлем­дік инженер-практиктер арасында қатынас орнатып, олармен хат алмасуды жүзеге асырды. Ал Білім және ғылым министрлігі WSEC-2017 ұйымдастырушыларына жа­ра­тылыстану мен техникалық ба­ғыт­­тағы жоғары оқу орындарымен қыз­меттік байланыс орнатуға, ғылыми ұйым­дарды, ұлттық орталықтар мен Қазақстанның жетекші ғалымдарын Конгреске атсалысуға шақыруда зор кө­мек көрсетуде. Астана қаласының әкімдігі көлік ж­әне логистикалық қамтамасыз ету са­­ла­с­ында Конгресс органдарының жұ­мысына, WSEC-2017 қатысушылары мен қонақтарын орналастыруға бел­сенді қол­дау көрсетуде, форумның бағ­дар­ла­маларын түзуге өз үлесін қосуда. Сон­дай-ақ, WSEC-2017 Конгресіне «Астана ЭКСПО-2017» АҚ-тан да жан-жақты кө­мек берілуде. Конгрестің ұйымдастырушылары мен белсенді қатысушылары қатарына әлем­нің 177 елін біріктіретін IRENA – Жа­ңғырмалы энергия көздері бойынша халықаралық агенттік, Қытайдың Sinopec мұнай және химия корпорация­сы, Masdar Ғылым және технология инс­титуты (БАӘ), Халықаралық ғы­лы­ми-тех­никалық орталық (ХҒТО), Total кор­порациясы (Франция), Siemens концерні (Германия), Халықаралық инженерлік ака­демиясы, Ресей жаратылыстану ғы­лым­дарының академиясы, Оль­денбург уни­верситеті (Германия) жә­не басқа да бе­делді халықаралық ұйы­м­дары кірді. Жергілікті және шетелдік әріп­тес­терімен белсенді талқылау нәти­же­сін­де Конгрестің тұтас және өзекті тұ­жы­рымдамасы құрылып, WSEC-2017 Конгресінің «Бүкіләлемдік энер­ге­тиканың 2050 жылға дейінгі дамуы­ның келешегі мен сценарийлері», «Энер­г­етикалық трилемманың балансы: қауіпсіздік, қолжетімділік және эко­ло­гия­­лық тұрақтылық», «Әлемдік энерге­ти­каны және энергетикалық нарықты да­­мыту үрдістері», «Ғылыми кадр­лар­­мен қамтамасыз ету» атты басты 4 та­қырыптық блок түзілді. Жетекші ға­лым­­дар, инженерлер, Қазақстандағы ірі ұлт­тық компаниялардың басшылары, министрлік өкілдері мен елдің жетекші жо­ғары оқу орындарының ректорлары аталған тақырыптық блоктардың жетек­ші­лері болып табылады. Талқылаулар пленарлық отырыс­та, секцияларда, сондай-ақ, стендтік баян­дамаларды ұсыну барысында жүр­гізіледі. Жетекші әлемдік мамандар­мен дөң­гелек үстел, кездесулер, баспасөз-мас­лихаттарын және басқа да іс-шара­лар­ды жүргізу қарастырылған және олар­дың құрамы мен тақырыптары өң­де­лу үстінде. Бүгінгі күнде 50-ден астам ел, 17 халықаралық ұйым, 200-ге жуық шет­елдік ғалымдар мен мамандар Дүние­жү­зі­лік конгреске қатысуға өз ынтасын біл­дір­ді, қазақстандық қатысушылар саны 500-ге жуық болады деп жоспарлануда. Менің ойымша, Конгресс алаңы түр­лі мектептер, бағыттар мен тәсілдер өкіл­дерін біріктіруге, теориялық және қол­данбалы ғылым, инновация мен бизнес арасында байланыстырушы түйіні бо­луға қабілетті. Конгреске жаһандық энергетика­ның бе­дел­ді сарапшыларының қатысаты­­ны туралы келісімдерге қол жеткізіл­­ді. Олардың ішінде Нобель сыйлы­ғы­ның лауреаттары Жорес Алферов (Ре­сей, фи­зика бойынша), Джон Май­кл Костерлиц (Ұлы­британия, фи­­зи­ка бойынша), Мохаммед әл-Ба­ра­д­еи (Мы­сыр, әлем сыйлығы), Данкан Холдейн (Ұлы­британия, фи­зи­ка бойынша), со­ны­мен қатар, бе­дел­­ді «Жаһандақ энер­гия» ха­лық­ара­лық сыйлығының лауреаттары Акира Ёсино (Жапония, литий-ионды аккумуляторын ойлап тапқан), Клаус Ридле (Германия, қуатты жоғары температуралы газ турбиналарын құру), Ларс Гуннар Ларссон (Швеция, атом энергиясының қауіпсіздігін арттыру), Джаянт Балига (АҚШ, оқшауланған бекітпесімен биполярлы транзисторды ой­лап тапқан), Валентин Пармон (Ресей, мұнай өңдеу және жаңартылатын энергия көздері катализаторларын өңдеу) және басқа да лауреаттар бар. Негізгі спикерлер қатарына кіруге Аднан Амин, IRENA-ның бас директоры, Томас Мартин, Нидерландтың энер­гетиканы зерттеу орталығының бас атқарушы директоры, Кристин Линс, EREC жаңғырмалы энергия көз­дері бойынша Еуропа кеңесінің бас хат­шысы, Эик Р.Вебер, Fraunhofer ISE пре­зиденті, Германия, сияқты танымал ғалымдар мен әлемдік деңгейдегі ма­ман­дар өз келісімін берді. Олардың Кон­грес­ке қатысуы Халықаралық ғылыми-тех­никалық орталық (ХҒТО) тарапынан қо­сымша қолдауға ие болады. Конгресс материалдарын жариялау жә­не қатысушылардың сөз сөйлеуі үшін қа­жет­ті жағдайлар жоғары деңгейде тал­қы­лануда. Әлемдегі ірі Elsevier баспа үйім­ен Конгреске қатысушылардың баян­дамаларын 20-дан астам арнайы ба­­сылымдарда жариялау туралы ке­лісім жасалды. Бұдан бөлек, Конгресс жұ­мысының ғылыми қорытындылары «Энер­гия тұрақты даму үшін», «Сутекті энер­гетиканың халықаралық журналы», «Инновациялық энергетика және ғы­лы­ми зерттеулер», «Жаңғырмалы энергия көздері», тағы басқа журналдарға жария­ланбақ. Конгресс жаһандық мәселелерді тал­қы­лаумен қатар, Қазақстанның ғы­лымы мен инженериясының жетістіктерін көр­­сетуге, елімізге алдыңғы қатарлы ғы­­лыми және инженерлік әдістер мен өң­­деулерді тартуға бағытталады әрі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көр­сетілген аса маңызды мәселелерді ше­шуге ықпалын тигізеді. Нұртай ӘБІҚАЕВ, Парламент Сенатының депутаты, WSEC-2017 Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресі Халықаралық бағдарламалық комитетінің төрағасы, ҚазҰЖҒА президенті, академик