21 Ақпан, 2017

Австриямен алыс-беріс артады

277 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Австрия – еліміздің тәуелсіздігін алғаш таныған елдердің бірі. Бұл 1992 жылғы 18 қаңтар болатын. Ал бір айдан кейін, 1992 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Қазақстан-Австрия қарым-қа­ты­нас­тары бірден сындарлы диалог пен өза­ра сенімге не­гізделді. 1991 жылғы қа­зан­да Австрияның алғашқы ға­рыш­ке­рі Франц Фибектің қа­зақ­стан­­дық ға­рышкер Тоқтар Әу­­­­бәкіровпен бірге қа­зақ же­рі­­­нен ғарышқа көтерілуі жақ­сы­­лықтың нышаны еді. Осы оқи­ғаға орай Байқоңыр ға­рыш айлағында екі мем­лекет басшылары – Президент Нұр­­сұлтан Назарбаев пен Фе­дералдық канцлер Франц Вра­ни­ц­кийдің кездесуі өтті. Сол кезден бастап жоғары сая­си дең­гейдегі келіссөздер жақ­сы дәс­түр­ге айналды. Бас­қосулардың маз­мұ­ны қо­мақ­ты шарттық-құқықтық б­а­­за­ға негізделген екіжақты ын­­­ты­мақ­­тастық деңгейінің ерек­­шелігін көр­се­тіп, ын­ты­мақтастық үлгісі болды. Қазақстан мен Австрия БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. ха­лық­ара­лық ұйымдар шеңберінде ты­ғыз әрекеттеседі. Экономика саласындағы қа­ты­нас­тар да дәйекті түрде да­мып келеді. Австрия Қазақ­стан­ның жетекші сау­да әріп­тес­терінің қатарына кі­ре­­ді жә­не екіжақты сауда дең­гейі бойынша ЕО-ға мү­ше мемлекеттердің арасында 9-орынға ие. Қазақстан бол­са, Австрияның ТМД мем­ле­кеттері арасында екінші сау­да әріптесі болып табыла­ды. Осы жылдар ішінде Қазақстан экономикасына тар­тылған австриялық инвес­ти­­циялардың жалпы көлемі ша­мамен 3 млрд АҚШ долларын құрайды. Қазақстан-Австрия эко­но­ми­ка­лық, ауыл ша­руа­шы­лығы, табиғатты қор­­ғ­ау, өнеркәсіп, тех­ника және тех­но­­логия жө­ніндегі Үкіметаралық ко­ми­с­­сиясы мен екі ел бизнесі өкіл­­­де­рі қатысатын Қазақстан-Авс­трия Іскерлік кеңесі екі­жақты эко­номикалық ық­пал­дастықтың тиімді тетіктері бо­лып табылады. Аймақтар арасындағы ын­ты­мақ­тастық серпінді түр­де нығайып, соң­ғы жыл ішін­де Штирия федералды же­­рі мен Шығыс Қазақстан об­лы­с­ы, Каринтия федерал­ды же­рі мен Оң­түс­­тік Қазақстан об­лысы, сондай-ақ, Жо­ғары Австрияның Экспорт орта­­лы­­ғы мен Павлодар облысы ара­­сында ын­тымақтастық жө­нін­дегі ме­мо­ран­думдарға қол қой­ы­лды. Аймақаралық қаты­нас­тар­ды кү­шей­туде Қазақстан­ның австрияның Грац, Зальц­бург, Клагенфурт, Брегенц қа­ла­­ла­рын­да мүдделерін қор­ғай­тын құр­­метті консулдардың үле­сі зор. Австрияның жаңартылатын энер­­­­гия көздерін қолданудағы бай тә­­­жірибесін назарға ала оты­­рып, Ас­­та­на­да өтетін ЭКСПО-­2017 ха­лық­ара­лық көр­­­месіне австриялық ком­­па­ния­­лар белсенді қа­ты­са­ды деп кү­­ті­луде. Елдеріміз арасындағы бі­лім және мә­дениет сала­ла­рын­дағы байланыс­тар да ке­ңей­іп келеді. 2013 жы­лы Авс­т­рия­да Қазақстан мәде­ниеті­­нің күндері, ал 2014 жыл­ы Қазақ­стан­да Австрия мә­де­­ниеті­нің күндері өт­кен бо­ла­­тын. 2015 жылдан бас­тап Австрияда Қазақстанның бай мә­­­дениетін насихаттау мақ­са­­тында «Қазақстан інжу­ле­рі – Ұлы Дала сарыны» атты жоб­а­­сы жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Австрия ар­а­сын­дағы дипломатиялық қа­рым-қа­ты­нас­тардың 25 жыл­ды­ғының қоры­тын­ды­лары көрсеткендей, ел­деріміз сая­си, экономика жә­­не мә­дениет салаларындағы ын­т­ым­ақтастықты әрі қарай дамытып, нығайту мен кеңей­ту­ге ниетті, деп хабарлады Қазақ­с­тан Республикасы Сырт­қы іс­тер министрлігінің бас­пасөз қыз­меті.