23 Ақпан, 2017

Теңге бағамы әлі де түсіп жатыр

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE-нің таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, бүгін, 23 ақпан күні 1 АҚШ доллары 312,84 теңге болды. Ал Астанау уақытымен таңғы сағат 11:00-де Брент маркалы мұнай құны 56,32 долларға теңесті. Соңғы бір тәулік бойы 56,20-56,50 доллар дәлізінде құбылған шикізат бағасы соңғы тәулікте тұрақтылық байқатуда. Естеріңізге сала кетейік, кеше ОПЕК басшысы Мұхаммед Баркиндо мұнай өндірісінің әлі де қысқартылатынын, нәтижесінде мұнай бағасы тағы да өсуі мүмкін екенін болжаған еді. Ал өз кезегінде ҚР Ұлттық банк төрағасы теңгенің нығаюын шикізат бағасының тұрақталуы мен Ресей рублінің күшеюімен байланыстырған еді.