24 Ақпан, 2017

Қазақстандықтар интернет арқылы сауда жасауды көбейтті

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандықтардың электронды коммерциядағы белсенділігі артып келеді. 2016 жылы интернет арқылы тауар мен қызметті төлеу үшін 33 млн транзакция жасалған. Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есеге көп, деп жазады ranking.kz. Интернет ресурстар арқылы қолма-қол емес төлемнің жалпы сомасы 2016 жылы 307 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,4 есе көп. 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында интернет ресурстары ақрылы төлем жасаудың ай сайынғы өсім қарқыны 9,9 пайызды құрап, желтоқсанда Жаңа жылға дайындық маусымында 42,5 пайызға жетті. Жалпы, елде қолма-қол емес төлем жасау артып келеді. 2016 жылы қолма-қол емес төлемнің жалпы сомасы 1,32 трлн теңгені құрады. Бір жылда бұл көрсеткіш 59 пайыз артқан.