25 Ақпан, 2017

ОҚО халқы тұтынатын құс етінің 50 пайызы отандық өнім

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Республикаға әйгілі «Ордабасы құс» фабрикасы биыл 10 мың күркетауық етін дайындайды. Облыста бүгінге дейін шетелдік кәсіпкерлердің құс еті өнімдері басымдырақ болып келген. Осыдан аттай бес жыл бұрын отандық кәсіпкерлер қажетті құс етінің 30 пайызын ғана жауып келген. Енді 50 пайыздық межеге шықпақшы. Бүгінде «Ордабасы құс» фабрикасының 10 құсханасында 120 мың бас күркетауық өсіріліп жатыр. Осыған дейін жұмыртқа сырттан тасымалданып келген. Енді фабрика күркетауық мекиендерінен жұмыртқа алып, бастырмақ ниетте. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан».