27 Ақпан, 2017

Жұмыс тобының отырысы болды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақордада Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Осы аптада «Қазақстан Республикасының Консти­ту­циясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Респуб­ликасы заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау мерзімі аяқталады. Мемлекет басшысы бас­­­та­­­машылық жасаған конс­ти­туциялық рефор­маға қоғам­дағы қызы­ғу­шы­­лық­тың деңгейі жоғары бол­ғаны отырыс бары­сында ата­­лып өтті. Жұмыс тобы­ның атына Парламенттің рөлін, Үкі­­меттің және жер­гі­лікті билік органдары­ның жау­ап­­кершілігін күшейту, құқық қорғау қызметін жә­не сот жүйесін жетілдіру жөнінде, сондай-ақ, мен­шік құ­қығы мәселелері бойын­ша үш мыңдай өтініш келіп түсті. Бұл ұсыныстар Мем­лекет басшысының конс­ти­ту­ция­лық өкілет­тік­теріне де, ел заң­дары ар­қылы белгіленген өкілет­тіктерге де қатысты. Жұмыс тобының мү­ше­­­лері келіп түскен бар­лық ұсы­ныс­тар­ды жинақтап, қорытып, мұ­қият қарас­тыру үстінде. Бұл жұ­мысқа отан­дық және шетел­дік са­рап­шылар, тиісті мем­лекет­тік ор­­гандар қатысуда. «Қазақстан Республика­сының Конституциясы­на өз­герістер мен толықтыру­лар енгізу туралы» заңның жобасы бүкілхалық­тық талқылау қорытындылары бо­йынша жетілдіріліп, Мем­лекет басшысына ұсыны­латын болады.