Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Ол бойынша палата депутаттары дене шынықтыру және спорт мәселелеріне түзетулерге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде.
Сондай-ақ, палата Ресеймен авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді және 1996 жылғы 18 қазандағы Ресеймен темір жол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты заң жобаларын жұмысқа қабылдайды.
Осы ретте, сонымен қатар, 2012 жылғы 11 мамырдағы Қырғызстанмен екі мемлекет азаматтарының аталған республикалар аумағында болу тәртібі туралы үкіметаралық келісімге түзетулерге қатысты хаттаманы, сондай-ақ, осы елмен реадмиссия туралы үкіметаралық келісімді және оны іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялауға байланысты заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін белгілемек.