Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2017 жылғы 24 ақпан №88 Астана, Үкімет Үйі «Мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №1304 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №1304 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №80, 687-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) мазутты, авиациялық отынды (МемСТ 10227-86 «Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын. Техникалық шарттар») – «ҚазМұнайГаз – Аэро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;»; 3) тармақша алып тасталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ