«Қоштасудың қиыны-ай» деген сияқты, Павлодардың кеңестік кезеңмен қоштасуы да ұзаққа созылып барады. Коммунизмнің елесі әлі жүр. Облыс пен шаһардың атын ауыстыруды айтпай-ақ қоялық, еліміздің тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр уақыт болса да қаладағы көшелер атауы бәз-баяғы қалпында, әрісі Ресей, берісі революционер тұлғалардың атында. Әрине, айтысып-тартысып жүріп санаулы көше қазақ қайраткерлерінің есімдерін иеленді.
Былтыр облыстық ономастикалық комиссияның шешімімен Әлия мен Мәншүкке, Бауыржан атамызға 8-9 көше атаулары бұйырды. Әрине, қаладан емес, ауылдардан. Богатырь ауылындағы Разин көшесіне, Майтүбек ауылындағы Ленин көшесіне, Михайловка ауылындағы Советская көшесіне, Ақсу қаласындағы Царев көшесіне Бауыржан Момышұлының есімі берілді.
Енді Богатырь ауылындағы Пугачев көшесі, Алакөл ауылындағы Ленин көшесі, Железин ауылындағы Садовая көшесі, Церковная ауылындағы Новая көшесі, Ақсу қаласындағы Кеңестер көшесі Әлия Молдағұлова атымен аталады.
Ақсу қаласындағы Энтузиастар көшесі Мәншүк Мәметова болып өзгертілді. Осылайша, шалғайдағы ауылдардағы көшелер қазақтың қаһарман перзенттерінің есімдерін иеленді.
Кереку өңіріндегі ономастикалық ахуал айтылудай-ақ айтылып, жазылудай-ақ жазылып жатыр ғой. Мысалы, Павлодар қаласындағы Суворов көшесін Олжабай батырдың даңқты есімімен атау керек деп айтылып келе жатқалы қашан. Бірақ, нәтиже шамалы болып тұр. Бастысы, тәуелсіздік төңірегіндегі, мемлекеттілік мәселесіндегі насихат жұмысы кемшін түсіп жатқандай. Әйтпесе, тәуелсіз елдегі көше атауларына дейін мемлекеттік мүддемен астасып жатуы тиіс қой.
Айтпақшы, жуырда облыс әкімінің есепті кездесуінде қаланың Құрметті азаматы Евгений Азаров көңілге қонатын ұсыныс жасады:
– Бүгінде шаһардан сыртқары шығатын жолдардың дені Астанаға қарай бағытталған. Сондықтан облыс орталығының басты, орталық Кутузов көшесін елорданың құрметіне Астана көшесі, ал Ленин көшесіне Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атауын берсек дұрыс болар еді, – деді.
Азаров айтуын айтты-ау, әйтсе де, толықтай шешім қабылданбайынша көңіл шіркін сенбейді ғой. Бұл ұсыныс та сағызша созылып кетпесе жарар еді. Келмеске кеткен қоғамның көсемі тәуелсіздікке жуық арада жол бере қояр ма екен?
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР

Шымкентте балаларын қорлаған анаға сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 18:25
Ақтөбе облысында орман қорының аумағы 30% ұлғайды
Қоғам • Бүгін, 17:51
Шымкентте Қазақстанның цифрлық экономикасының болашағы талқыланып жатыр
Технология • Бүгін, 17:47
Елордалық оқушы Гарвард университетіне оқуға түсті
Білім • Бүгін, 17:43
Жанармай нарығының болашағы: Сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады
Экономика • Бүгін, 17:35
Қазақстанда 176 мыңнан астам адам жұмыстан кеткісі келеді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 17:07
Көктемгі әскерге шақыру: Өтінімді енді онлайн беруге болады
Қоғам • Бүгін, 16:19
ЖИ және мемлекеттік қызметтер: AlemGPT сервисінің мүмкіндіктері қандай?
Технология • Бүгін, 16:10
Флорида жағалауынан құны 1 миллион доллар болатын көне қазына табылды
Әлем • Бүгін, 15:53
Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпек болған қаруланған топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 15:48
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі айда жол апатынан 10 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 15:42
Иран Ормұз бұғазында тағы бір мұнай танкерін жойды
Әлем • Бүгін, 15:23
Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 15:03
Премьер-министр жасанды интеллектіні дамытудың негізгі бағыттарын атады
Технология • Бүгін, 14:51