Осы аптада жаһандық қаржы нарығы АҚШ президенті Дональд Трамптың Конгресс алдындағы сөзін күтіп отыр. Сейсенбі күнгі шарада Ақ үй басшысы салық реформасы мен экономиканы қайта реттеу және инфрақұрылымдық жобаларға тоқталмақ, деп жазады investing басылымы.
Трамп осы жолы салық реформасындағы бір өзгеріс ретінде сырттан келетін импорттық тауарларға баж салығын 20 пайызға арттыруы мүмкін дегенді айтады сарапшылар.
Сонымен қатар, медициналық жобалар мен инфрақұрылымдық жұмыстардың ендігі бағыты осы жолы белгілі болмақ.
Осы апта сонымен қатар АҚШ Федералды резерв жүйесінің бірнеше штаттағы өкілдіктерінің басшылары да халық алдына шығады. Соның ішінде жұма күні жүйе басшысы Джаннет Йелленнің сөзі маңызды болмақ. Инвесторлар осы жолы Йеллен доллардың базалық мөлшерлемесінің көтерілер-көтерілмесі туралы айтуы мүмкін екенін айтады.
Мамандардың айтуынша, наурызда мөлшерлеменің көбейтілуі неғайбыл, ал мамырда көбейтілуі әбден мүмкін.
Бұлардан бөлек, осы аптада Ұлыбритания мен ЕО елдерінің қаржы нарығының өткен жылдың төртінші тоқсанындағы қорытындысы жарияланады.