Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық боксшы Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкиннің арасында жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жақын күндері аяқталатынын мәлімдеді. Бұл туралы allfight.ru хабарлады.
«Иә, біз осы айқасқа үміт артып отырмыз. Сол үшін осы бағытта тиісті жұмыстар атқарып жүрміз. Головкиннің промоутері Том Леффлермен ылғи да байланыстамын. Әлі де келісуі керек бірнеше жайт бар. Дегенмен, екі тарап жақын күндері бокс кешін өткізуде ортақ ымыраға келеді деп ойлаймын», – деді Эрик Гомес.
Бірнеше күн бұрын мексикалық боксшы мен промоутері Оскар Де Ла Хойя Головкинге ресми түрде ұсыныс жасағандарын мәлімдеген.
«Ұсынысымыз олар үшін тиімді болды деуге болады. Головкин осыған дейін алған сыйақыларынан әлдеқайда көп алады. Бастысы ұсыныс жасалды. Егер көңілі толмаса, кінә өзінен. «Канело» ешкімнен жасқанып, қашқақтап көрген емес. Ол тек мықтылармен күш сынасқысы келеді. Ал GGG – оның басты қарсыласы», – деді Оскар Де Ла Хойя.
Айта кетейік, әлемдік БАҚ беттерінде Сауль Альварестің өкілдері Геннади Головкинге 15 миллион доллар ұсынғаны хабарланған.
• 27 Ақпан, 2017
Эрик Гомес: Альварес-Головкин келіссөздері жақында аяқталады

Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Кеше
Жаңа форматтағы Наурыз мерекесі: Робот-көкпар ел тұрғындарын таңғалдырды
Наурызнама • Кеше
Қазақстанда Наурыз мерекесі қалай тойланды?
Мереке • Кеше
Қазақстанда жеке хаттарға бақылау жасала ма?
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Қытай контейнерлік пойыздар санын арттыруға келісті
Қазақстан • Кеше
Жаңа жеңілдетілген ипотека кімдерге беріледі?
Қоғам • Кеше
Оқиға • Кеше
Ташкент – Атырау бағытында жаңа әуе рейсі ашылады
Қазақстан • Кеше
Тойған Сариева: Алтын асық қалмасын айдалада
Руханият • Кеше
Атыраудағы түрмеде тұтқын төбелестен кейін көз жұмды
Оқиға • Кеше
Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
Президент • Кеше